22.05.2014, 20:40 2899

Қазақстанның ЖІӨ-дегі әйелдердің үлесі 40%-ға жуықтады - Р.Сарсембаева

"Бүгінгі таңда Қазақстанның ЖІӨ-не әйелдердің үлесі 40%-ға жуықтады. Парламенттегі әйелдердің үлес салмағы 30%-ға жақындады. Елдің вице-премьері мен ҚР Парламенті Мәжілісінің спикері қызметтерін нәзік жандылардың атқарып отырғаны біз үшін мақтаныш", - дейді Р.Сарсембаева.

Алматы. 22 мамыр. Kazakhstan today. Бүгін Астана экономикалық форумындағы "G-GLOBAL: жаңа экономикадағы әйелдердің рөлі" халықаралық әйелдер форумында Қазақстанның іскер әйелдер қауымдастығының президенті, ҚР Президенті жанындағы әйелдер ісі мен отбасылық-демографиялық саясат ұлттық комиссиясының мүшесі Раушан Сарсембаева Қазақстанның ЖІӨ-де әйелдердің үлесі 40%-ға жуықтағанын айтты.

"Бүгінгі таңда Қазақстанның ЖІӨ-не әйелдердің үлесі 40%-ға жуықтады. Парламенттегі әйелдердің үлес салмағы 30%-ға жақындады. Елдің вице-премьері мен ҚР Парламенті Мәжілісінің спикері қызметтерін нәзік жандылардың атқарып отырғаны біз үшін мақтаныш", - дейді Р.Сарсембаева.

Оның айтуынша, қазірде Үкіметте 3 министр, 6 вице-министр, 6 жауапты хатшы, 4 биліктің орталық атқарушы органы аппараты жетекшісі, 2 Премьер-Министр Канцеляриясы жетекшісі орынбасары, 8 облыс әкімі орынбасарлары әйелдер болып табылады.

"Аталмыш "G-GLOBAL: жаңа экономикадағы әйелдердің рөлі" халықаралық әйелдер форумы әйелдердің рөлін күшейтіп, Астанадағы ЭКСПО-2017 көрмесінің кәсіпкерліктеріне әйелдердің қатысуына да мүмкіндікті молайта түспек", - дейді ол.

"Қазақстандық үкіметке шағын және орта кәсіпкерліктің берері мол. Осы тұрғыда Үкімет ШОБ дамыту үшін 1 мрлн теңге бөлсе, экономиканың бұл саласында әйелдер үлесінің жоғары екенін айта кету керек. Осы инвестицияның арқасында елдің әлеуметтік-экономикалық өмірінде әйелдердің маңызы арта түседі деген сенімдеміз", - дейді.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны