19.06.2014, 20:16 2992

Қазатомөнеркәсіп ОҚО базалық елді мекендерді санды байланыспен қамтамасыз етеді

"Қазатомөнеркәсіп" ҰАК" АҚ басшылығының Оңтүстік Қазақстан облысындағы өндірістік нысандарына жасаған жұмыс сапары шеңберінде атом холдингінің бірегей корпоративті телекоммуникациялық желісінің тұсаукесері болып өтті.

Алматы. 19 маусым. Kazakhstan today. "Қазатомөнеркәсіп" ҰАК" АҚ басшылығының Оңтүстік Қазақстан облысындағы өндірістік нысандарына жасаған жұмыс сапары шеңберінде атом холдингінің бірегей корпоративті телекоммуникациялық желісінің тұсаукесері болып өтті.

Аталған жоба Ұлттық атом компаниясындағы кибер қауіпсіздікті арттыру мақсатында 2012 жылы бастау алған болатын. Жобаның операторы - "Қазатомөнеркәсіп" ҰАК" АҚ еншілес кәсіпорыны "Байланыс-ҰАК" ЖШС іске асырды.

Бір жыл ішінде магистральді оптикалық-талшықты байланыс желісі кен орындары мен ұлттық атом компаниясының Оңтүстік Қазақстан және Кызылорда облыстарындағы өндірістік кәсіпорындарын байланыстырды. Жалпы есептегенде, бұл 620 шақырымнан асатын сиымдылығы 24 оптикалық-талшықты шоғырсым.

"Қазатомөнеркәсіп" ҰАК" АҚ-ның кез-келген трафик - дауыс, деректер, бейне бағдарлайтын меншікті қорғалған санды желісінің құрылуы Оңтүстік Қазақстан облысының Таукент, Қыземшек және Тайқоңыр ауылдарын сапалы және заманға сай телекоммуникация қызметімен қамтамасыз ету мүмкіндігіне жол ашты.

Байланыс қызметіне тұрғын үйлер мен әлеуметтік нысандарды қосу бойынша жұмыс толығымен аяқталған алғашқы елі мекен - Созақ ауданындағы Таукент ауылы болды.

Қазіргі күні мұнда тапсырыс берген 430 абонент ғаламтор желісіне қосылды, 120 абонентке санды телевизия қызметі көрсетіледі.

Тайқоңыр ауылында да жаңарту бойынша барлық жұмыстар аяқталып, 1 маусымнан бастап абоненттерді желіге қосу бойынша жұмыс басталды. Қазірдің өзінде 50 абонент қосылып үлгерген. Қыземшек ауылында абоненттерді қосуды 1 шілдеден бастау жоспарланған.

"Байланыс-ҰАК" ЖШС ұсынатын интернет желісіне қосылу және санды телевизия (IDTV) қызметінің бағасы ұлттық байланыс операторы болып табылатын "Қазақтелеком" АҚ бағаларынан аспайды.

Ауылдардағы тұрғын үйлерді телекоммуникация қызметтеріне қосуға мүмкіндік беретін ішкі таратқыш шоғырсым желілерін алмастыру бойынша жоба толығымен "Қазатомөнеркәсіп" ҰАК" АҚ-ның есебінен жүргізілді.

"Байланыс-ҰАК" ЖШС ақпаратты криптографиялық қорғау саласындағы қазақстандық заңнаманың 3-ші деңгейлі сертификатталған стандартына сай келетін қорғаныс түрімен өз желілерін қауіпсіздендірген Қазақстан Республикасындағы алғашқы кәсіпорындардың бірі.

Жабдықталу деңгейі мен мүмкіндіктері бойынша жаңа желі телекоммуникация саласындағы заманауи нормативтер мен стандарттарға толық жауап береді. Ол мемлекеттік органдармен келісудің барлық кезеңдерінен өткізіліп, тиесілі сараптаманы алған. "Байланыс-ҰАК" ЖШС оптикалық-талшықты байланыс жүйесіне жерді пайдалану құқығын алды - бұл Қазатомөнеркәсіпте қауіпсіз байланыс орнату жолындағы үлкен жетістік.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны