17.06.2014, 20:18 2867

"KazEOSat-2" ғарыш аппаратын ұшыру дайындығы жоспар бойынша жүргізілуде

Қазақстандық екінші жерді қашықтықтан зондтау жер серігін ұшыру бойынша дайындық кестеге сәйкес жүргізілуде, деп хабарлады ҚР Ұлттық ғарыш агенттігі.

Алматы. 17 маусым. Kazakhstan today. Қазақстандық екінші жерді қашықтықтан зондтау жер серігін ұшыру бойынша дайындық кестеге сәйкес жүргізілуде, деп хабарлады ҚР Ұлттық ғарыш агенттігі.

"KazEOSat-2" Британияның Surrey Satellite Technology Limited (SSTL) компаниясымен жасалған. Ол Қазғарыштың ведомстволық кәсіпорны "Қазақстан Ғарыш Сапары" АҚ-ның тапсырысымен ірі француз Airbus Defence and Space концернінің құрамына кіреді.

Жерді қашықтықтан бақылаудың қазақстандық жер серігі Гилфорд қаласынан Ресейдің Орынбор облысындағы "Ясный" ұшыру базасына 2014 жылғы мамыр айының ортасында жеткізілді.

"KazEOSat-2" - жерді орташа кеңістіктен 6,5 метрден бес мультиспектралды каналдан бақылауға мүмкіндік беретін ғарыш аппараты. Жер серігінің салмағы - 180 кг, орбитадағы қызмет ету мерзімі - 7 жыл.

Осыған дейін хабарлағанымыздай, апаратты ғарышқа жеткізетін "Днепр" зымыран-тасығышы "Ясный" ұшыру базасынан биылғы маусым айының 19-нан 20-на қараған түні ұшырылады деп жоспарланған.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны