24.02.2014, 19:12 12102

Қазғарыш пен Роскосмос басшылары "Байқоңыр" кешенін пайдалану мәселесін талқылады

Соның ішінде, "KazSat-3" байланыс және хабар тарату спутнигін ұшыру, "Бәйтерек" ҒЗК-ны құру жобаны жүзеге асыру, "Днепр" бағдарламасының алдағы іске асуы, ХҒС-қа қазақстандық ғарышкердің ұшу мүмкіндігі, сонымен қатар "Байқоңыр" кешені бойынша Үкіметаралық комиссиясының екінші отырысы секілді тақырыптар қозғалды.

Алматы. 24 ақпан. Kazakhstan today. ҚР Ұлттық ғарыш агенттігінің төрағасы Талғат Мұсабаев Мәскеу қаласына (РФ) жұмыс сапарымен барды. Онда Қазғарыш басшысы РФ Федералды ғарыштық агенттігінің (Роскосмос) жетекшісі Олег Остапенкомен кездесті.

"Аталған кездесу барысында тараптар ғарыш қызметі саласындағы Қазақстан-Ресей ынтымақтастығын, сондай-ақ 2014-2016 жылдарға арналған "Байқоңыр" кешенін бірлесіп пайдалану бойынша жол картасында бекітілген келісімдерді жүзеге асыру бойынша мәселелерді талқылады", - деп Қазғарыштан хабарлады.

Соның ішінде, "KazSat-3" байланыс және хабар тарату спутнигін ұшыру, "Бәйтерек" ҒЗК-ны құру жобаны жүзеге асыру, "Днепр" бағдарламасының алдағы іске асуы, ХҒС-қа қазақстандық ғарышкердің ұшу мүмкіндігі, сонымен қатар "Байқоңыр" кешені бойынша Үкіметаралық комиссиясының екінші отырысы секілді тақырыптар қозғалды.

Сонымен қатар, аталған кездесуге Ресей Федерациясындағы Қазақстан Республикасы Елшілігінің кеңесші уәкілі Э.Якубаев қатысты.

Жүздесу нәтижесі бойынша Қазақстан және Ресей ғарыш ведомстволарының басшылары өзара ынтымақтастықты одан әрі дамыту бойынша жұмыстарды жандандыруға уағдаласты.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны