27.02.2015, 09:27 4633

Кезектен тыс Президент сайлауы Үкіметтіӊ резервінен қаржыландырылады

Қазақстан Республикасы Президентініӊ кезектен тыс сайлауы Үкіметтіӊ резервінен қаржыландырылатын болады, деп мәлімдеді Орталық сайлау комиссиясыныӊ төрағасы Қуандық ТұрғанқұловОрталық коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз мәслихатында

Астана. 27 ақпан. Kazakhstan Today - Қазақстан Республикасы Президентініӊ кезектен тыс сайлауы Үкіметтіӊ резервінен қаржыландырылатын болады, деп мәлімдеді Орталық сайлау комиссиясыныӊ төрағасы Қуандық ТұрғанқұловОрталық коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз мәслихатында, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігініӊ тілшісі.

"Бүгінгідей қиын-қыстау уақытта мемлекет қаржысын мүмкіндігінше үнемді әрі тиімді пайдалану барлық мемлекеттік органдардыӊ алдына қойылып отырған маӊызды міндеттердіӊ бірі. Сондықтан бұл мәселе біз үшін де маӊызды. Бүгінгі таӊда біз жиһаздар мен компьютерлер алу, кеӊсеге қажетті жиһаздар сатып алу сияқты мәселелерден бас тартып отырмыз. Біз көлік шығындарыныӊ нормативтерін де қайта қарап, өзге де шығындарды да оӊтайландырамыз", - деді ОСК төрағасы, деп хабарлайды strategy2050.kz тілшісі.

Сондай-ақ ол сайлау науқанын қаржыландыру мәселесі осы уақытта Үкімет тарапынан талқыланып жатқандығын атап өтті.

"Өкінішке қарай, мен сіздерге қазір нақты қаржы көлемін айта алмаймын. Үкімет бұл мәселені әлі талқылауда. Меніӊ айтатыным, тек бұл қаржы Үкіметтіӊ резервінен алынады. Бірақ сіздер бұл бағытта жұмсалатын қаржы көлемін шамалап болса да болжамдау үшін 2011 жылы жұмсалған қаржы көлемініӊ 4,4 миллиард теӊгеге жеткенін айтқым келеді. Оныӊ 66 пайызы немесе 3 миллиард теӊгесі сайлау комиссиялары мүшелерініӊ еӊбекақыларына жұмсалды",-деді Қ.Тұрғанқұлов.

Сондай-ақ оныӊ айтуынша, осы уақытта елде полиграфия қызметі мен бқаралық ақпарат құралдарыныӊ бағалары өсіп кеткен. "Көріп отырғандарыӊыздай бағалар өсуде, осыған қарай сайлау науқанына жұмсалатын шығындар да өсуі мүмкін. Бірақ әзірге бұл тек болжам ғана. Ал нақты соманыӊ мөлшерін белгілі болғанда ғана айта аламыз", - деді ОСК басшысы.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны