25.03.2011, 17:31 3774

ҚХР 19 азаматы көші-қон заңын бұзғаны үшін Қазақстан аумағынан шығарылатын болды

ҚХР 19 азаматы көші-қон заңын бұзғаны үшін Қазақстан аумағынан шығарылатын болды. Бұл туралы қалалық прокуратураның бөлім бастығы Наталья Белоусова мәлім етті, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

Алматы. 25 - наурыз. Kazakhstan Today - ҚХР 19 азаматы көші-қон заңын бұзғаны үшін Қазақстан аумағынан шығарылатын болды. Бұл туралы қалалық прокуратураның бөлім бастығы Наталья Белоусова мәлім етті, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

BNews.kz ақпараттық агенттігінің хабарлауынша, көші-қон заңнамасының қолданылуын тексеру барысында Ақтөбе қалалық прокуратурасы Қазақстан Республикасында шетелдіктердің болу ережелерін бұзу фактісін анықтаған. "Ақтөбе қаласы мамандандырылған әкімшілік сотының Қаулысымен көші-қон заңнамасын бұзушылар бір тәулік мерзімге қамауға алынып, Қазақстан Республикасы аумағынан шығарып Жіберу түрінде, ҚР ИҚКо 394 бабы 2 тарауы бойынша жауапкершілікке тартылды", - деп хабарлады Н. Белоусова.

"Жыл басынан бері Қытай Халық Республикасының 19 азаматы Қазақстан Республикасы аумағына консультативті қызметтер көрсетуге арналған іскерлік визалар негізінде келгені анықталды. Олардың құжаттағы келу мақсаты визада көрсетілген мақұлматтармен сәйкес келмеді", - деп түсіндірді ол.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны