18.05.2007, 18:52 3100

Қырғызстанда Шанхай ынтымақтастығы ұйымына мүше елдердің антитеррорлық оқу-жаттығулары өткізіледі

БІШКЕК. 18-мамыр. Kazakhstan Today. Қырғызстанда мамырдың 28 мен 31 аралығында Шанхай ынтымақтастығы ұйымына мүше елдердің антитеррорлық оқу-жаттығулары өткізіледі, деп хабарлайды Kazakhstan Today тілшісі Қырғызстан Республикасының Мемлекеттік ұлттық қауіпсіздік комитетінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлайды.

Баспасөз қызметінің хабарлауынша, "Ыстықкөл-Антитеррор-2007" оқу-жаттығулары кезінде Шанхай ынтымақтастығы ұйымына мүше елдердің лаңкестік әрекеттердің алдын алу және оларды әшкерелеу, қарулы қарақшылық топтарды жою және мемлекеттік шекара күзетін күшейтуге бағытталған кең ауқымды арнаулы операцияларын өткізуде арнаулы қызметтер, күш құрылымдары мен құқық қорғау органдарының іс-қимылдарын тиімді ұйымдастыру мен етене жақын ықпалдастық орнату мүмкіндіктерін пысықтау жоспарланған.

Сонымен бірге, "шартты лаңкестерді қоршауға алу және жою, сондай-ақ, шартты кепілдікке алынғандарды босату бағытында әскери шара өткізу межеленген",- деп хабарлайды баспасөз қызметі.

Оқу-жаттығуларға Шанхай ынтымақтастығы ұйымының Аймақтық антитеррорлық құрылымы, Ұжымдық қауіпсіздік шарты ұйымы, ТМД Антитеррорлық орталығының өкілдері, Ресей, Қытай, Қазақстан, Өзбекстан мен Тәжікстанның арнаулы қызметтері мен Шанхай ынтымақтастығы ұйымының жанындағы бақылаушы елдер мәртебесі бар елдер - Пәкістан, Иран, Үндістан мен Монғолияның өкілдері қатысады.

Шанхай ынтымақтастығы ұйымына Ресей, Қытай, Қазақстан, Өзбекстан, Қырғызстан мен Тәжікстан енеді.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны