22.07.2014, 19:45 3866

Қыркүйекте оқушыларға арналған жаңа мобильді тариф іске қосылады

Айта кетейік, Жас Ұлан" біріңғай балалар мен жасөспірімдер ұйымы" республикалық қоғамдық бірлестігі ҚР Президентінің 2011 жылғы бастамасымен құрылған.

Алматы. 22 шілде. Kazakhstan today. Қыркүйектен бастап "Жас Ұлан" балалар мн жасөспірімдер қозғалысының оқушыларына арналған арнайы жаңа ұялы байланыс ашылады. Бұл туралы бүгін ҚР Білім және ғылым министрлігінің Жастар ісі комитеті, "Жас Ұлан" біріңғай балалар мен жасөспірімдер ұйымы" республикалық қоғамдық бірлестік пен "КаР-Тел" ЖШС арасындағы (Beeline Қазақстан) ынтымақтастық туралы Меморандумға қол қою барысында айтылды.

"Тарифке келетін болсақ, ол желі ішінде тегін болады. Өзге операторларға қоңырау шалу төмен бағамен жүзеге асырылады. Интернетке кіру өте арзан, ал ең танымал әлеуметтік желілерді пайдалану тіпті тегін. Бастаманы "Жас Ұлан" белсенділері ойлап тауыпты. "Билайн" желісінің басшылығы болса, бұны жерде қалдырмай, өз деңгейінде қолды. "Билайн" ұсынған арнайы тарифтері бар нөмірлер әрбір мектептегі "Жас Ұлан" ұйымының бөлімшелері арқылы барлық мүше оқушыларға және олардың ата-аналарына тегін таратылады", - дейді Жас Ұлан" біріңғай балалар мен жасөспірімдер ұйымы" республикалық қоғамдық бірлестігінің төрағасы Данияр Шәмілов.

Айта кетейік, Жас Ұлан" біріңғай балалар мен жасөспірімдер ұйымы" республикалық қоғамдық бірлестігі ҚР Президентінің 2011 жылғы бастамасымен құрылған еді.

Ұйым басшысы Данияр Шәміловтің айтуынша, "Жас Ұланға" ел бойынша 1,5 млн. мектеп оқушысы мүше болып табылады. Енді олардың барлығы "Билайн" ұялы байланысымен қамтамасыз етілмек.

Естеріңізге сала кетейік, мобильді тариф ҚР Білім және ғылым министрлігінің Жастар ісі комитеті, "Жас Ұлан" біріңғай балалар мен жасөспірімдер ұйымы" республикалық қоғамдық бірлестік пен "КаР-Тел" ЖШС арасындағы (Beeline Қазақстан) ынтымақтастық туралы Меморандумға қол қою аясында ашылмақ.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны