28.04.2017, 19:01 5375

Қызылорда мен Астанада ГЛОНАСС станциясы орнатылады

Жыл аяғына дейін Ресейдіӊ "Роскосмос" мемлекеттік корпорациясы 2008 жылғы үкіметаралық келісімге сәйкес Астана мен Қызылордада ГЛОНАСС станцияларын орнатады.

Қызылорда. 28 сәуір. Kazakhstan Today - Жыл аяғына дейін Ресейдіӊ "Роскосмос" мемлекеттік корпорациясы 2008 жылғы үкіметаралық келісімге сәйкес Астана мен Қызылордада ГЛОНАСС станцияларын орнатады.

Бұл туралы Ялтадағы халықаралық экономикалық форумда корпорация өкілі Михаил Кириллов мәлімдеді, деп хабарлайды ТАСС.

Кириллов Қазақстан Ресей үшін ғарыш саласындағы стратегиялық әріптес екендігін атап өтті. Бұл саладағы байланыстыӊ басым бағыты "Байқоӊыр" кешенініӊ жұмысы болып қала бермек.

Ялта халықаралық экономикалық форумы осы жылдыӊ 20-22 сәуірі аралығында өтті. Елу мемлекет өкілі қатысқан шара осымен үшінші мәрте өткізіліп отыр.

Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны