10.07.2017, 18:16 4091

Қызылорда облысында 3 мәдени нысанға күрделі жөндеу жұмыстарына қаржы бөлінген

2017 жылы облыстық бюджеттен 3 сала нысанына (Н.Бекежанов атындағы қазақ музыкалық драма театры, облыстық халық шығармашылығын дамыту және мәдени-продюсерлік орталығыныӊ кинобейне қызметін көрсету бөлімі ғимараты және Жалағаш аудандық архиві) және аудандық бюджеттерден 3 клубтыӊ күрделі жөндеу жұмыстарына (Сырдария ауданы Жетікөл ауылдық клубы, Шиелі ауданы Жөлек ауылдық мәдениет үйі, Жалағаш аудандық мәдениет үйініӊ шатырына) қаржы бөлініп, жөндеу жұмыстары жүргізілуде.

Қызылорда. 10 шілде. Kazakhstan Today - Қызылорда облысыныӊ мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасы 6 айдыӊ жұмысын қорытындылады. Басқарма басшылығы облыстағы мәдениет және өнер мекемелерініӊ 2017 жылдыӊ I жартыжылдығында атқарған жұмыстары жөнінде толық мағлұмат беріп, ІІІ тоқсанындағы міндеттерімен таныстырды.

Есептік көрсеткіштер бойынша облыста 171 мәдениет үйлері мен клубтары, 209 кітапхана, 12 музей, 11 архив, облыстық Н.Бекежанов атындағы қазақ музыкалық драма театры, облыстық филармония, облыстық халық шығармашылығын дамыту және мәдени-продюсерлік орталығы, облыстық тарихи ескерткіштерді қорғау жөніндегі мемлекеттік мекемесі, 1 қалалық демалыс паркі - барлығы 408 мәдениет және өнер мекемелері халыққа қызмет көрсетеді.

2017 жылдыӊ І жартыжылдығында облыстық мәдениет және өнер мекемелері мен архив саласы бойынша облыстық бюджеттен 1 269 497,9 мыӊ теӊге қаржы бөлініп, қаржылық жоспар 100 пайызға орындалды.

2017 жылы облыстық бюджеттен 3 сала нысанына (Н.Бекежанов атындағы қазақ музыкалық драма театры, облыстық халық шығармашылығын дамыту және мәдени-продюсерлік орталығыныӊ кинобейне қызметін көрсету бөлімі ғимараты және Жалағаш аудандық архиві) және аудандық бюджеттерден 3 клубтыӊ күрделі жөндеу жұмыстарына (Сырдария ауданы Жетікөл ауылдық клубы, Шиелі ауданы Жөлек ауылдық мәдениет үйі, Жалағаш аудандық мәдениет үйініӊ шатырына) қаржы бөлініп, жөндеу жұмыстары жүргізілуде.

Облыс мәдениет мекемелерініӊ материалдық-техникалық базасын жақсарту мақсатында облыстық филармонияныӊ Тұрмағамбет атындағы халық аспаптар оркестріне музыкалық аспаптар, облыстық халық шығармашылығын дамыту орталығына дыбыс күшейткіш және жарық беру аппаратуралары алынды. Сондай-ақ, облыстық зағип және нашар көретін азаматтарға арналған арнаулы кітапханада дыбыс жазу студиясы ашылып, мүгедектерге арналған жоғары қабатқа көтерілетін баспалдақ алынды.

Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны