12.07.2017, 16:03 4837

Қызылорда облысында биыл "2017-2021 жылдарға арналған нәтижелі жұмыспен қамту және жаппай кәсіпкерлікті дамыту" бағдарламасын жүзеге асыруға 4,1 млрд. теӊге бөлінді

Бағдарламаға қатысушы ретінде енгізілген 7067 тұрғынныӊ 6868-і (92,7 пайызы) жұмыссыз. Өз бетінше жұмыспен қамтылғандары 199 адам. Бағдарламаға қатысуға ниеттілердіӊ ішінде жастар қарасы қалыӊ. Осы бағыттағы жүйелі іс арқасында 5631 адам қамтылды

Қызылорда. 12 шілде. Kazakhstan Today - Биыл Қызылорда облысында "2017-2021 жылдарға арналған нәтижелі жұмыспен қамту және жаппай кәсіпкерлікті дамыту" бағдарламасын жүзеге асыруға 4,1 млрд. теӊге бөлінді.

Бағдарламаға қатысушы ретінде енгізілген 7067 тұрғынныӊ 6868-і (92,7 пайызы) жұмыссыз. Өз бетінше жұмыспен қамтылғандары 199 адам. Бағдарламаға қатысуға ниеттілердіӊ ішінде жастар қарасы қалыӊ. Осы бағыттағы жүйелі іс арқасында 5631 адам қамтылды.

Бағдарламаныӊ бірінші бағыты қатысушылар техникалық және кәсіптік біліммен және қысқа мерзімді кәсіптік оқумен қамтамасыз етіледі.

Осыған орай қысқа мерзімдік курстарды ұйымдастыратын оқу орындары мен мамандықтар тізбесі бекітілді. Оларға 1044 жұмыссыз бен өз бетінше жұмыспен қамтылғандар жолданды.

Биыл облыс халқын жұмыспен қамтуға ықпал жасау жөніндегі кешенді жоспар жоспар аясында 32884 жан жұмысқа тартылатын болады.

Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны