11.12.2009, 15:06 3383

Қызылорда облысында героин тасыған күдіктілер ұсталды

Қызылорда облысында героин тасыған күдіктілер ұсталды

Қызылорда. 11 желтоқсан. Kazakhstan Today - Қызылорда облысында героин тасыған күдіктілер ұсталды. Бұл туралы облыстық ІІД-нің есірткі саудасымен күрес басқармасының бастығы Қанат Дәулетбай мәлім етті, деп хабарлайды Kazakhstan Today.

""Рубеж-Н" бекетінде "Ауди" көлігін тексерген кезде жүргізуші мен жолаушыдан сұрғылт-ақшыл түсті ұнтақ салынған дорбалар табылған. Ол салмағы шамамен 240 грамм героин болып шықты", - деді Қ. Дәулетбай.

Ұсталғандар героинді Оңтүстік Қазақстан облысынан әкеле жатқанын жеткізген. "Екі күдікті де қамауға алынып, аса ірі көлемде есірткі сақтау дерегі бойынша қылмыстық іс қозғалды", - деді полковник.

"Полиция ықпалды шаралар қолданып жатқанымен, өңірдегі есірткілік қылмыстардың саны азаймай отыр", - деді Қ. Дәулетбай.

"Жалпы алғанда жыл басынан бері облыста заңсыз есірткі айналымына қатысты 141 қылмыс анықталған. Қылмыскерлерден 279 килограмм есірткі тәркіленді", - деді ол.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны