25.01.2010, 15:45 3267

Қызылорда облысында полиция капитаны пара алып жатқан сәтте ұсталды

Қызылорда облысында полиция капитаны пара алып жатқан сәтте ұсталды

Қызылорда. 25 қаңтар. Kazakhstan Today - Қызылорда облысында полиция капитаны пара алып жатқан сәтте ұсталды, деп хабарлайды Kazakhstan Today облыстық ІІД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

"Өткен жылдың желтоқсан айының аяғында Қазалы аудандық полициясына шағымдана келген жергілікті тұрғын әйел таяуда мас күйіндегі әлдебір еркек өзін зорлауға әрекет жасады деп арыз айтқан. Тергеу бөлімінің бастығы істің шешімін мүлдем басқа жақтан іздеді. Полиция капитаны шағымда көрсетілген ер адамнан "қылмыстық жауапкершілікке тартпау үшін" 50 мың теңге сұраған", - деді ІІД баспасөз қызметінің жетекшісі Гүлнәр Дүйсенова.

"Тіпті иланымды болуы үшін, АІІБ-да қылмыстық іс те қозғалған. Ал осы уақытта жәбірленуші бастапқы шағымды қарастырмауды сұрап, тағы бір қарсы шағым түсірген, ол екінші жақпен татуластым деген. Бірақ тергеуші бұл шағымды қабылдамаған", - деді Г. Дүйсенова.

"Қазалы аудандық ІІБ-ның тергеу бөлімінің бастығы өз жұмыс бөлмесінде күдіктіден 40 мың теңге көлемінде пара алып жатқан сәтте ұсталды", - деп хабарлады ІІД-нің ішкі қауіпсіздік басқармасының бастығы Серік Тоқтыбаев.

Оның айтуынша, "полиция капитанының үстінен ҚР Қылмыстық кодексінің 311-ші бабының 2-тармағы (лауазым иесінің пара алуы) бойынша қылмыстық іс қозғалды. Соттың санкциясымен тәртіп сақшысы тұтқындалды, қазір ол соттың болуын күтуде".

Полицияның мәліметінше, былтыр Қызылорда облыстық ішкі істер органдарынан түрлі қылмыстары үшін 15 тәртіп сақшысы жұмыстан шығарылды, олардың жартысынан астамы - сыбайлас жемқорлыққа қатысты.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны