10.07.2017, 18:18 4498

Қызылорда облысында Сығанақ, Жанкент, Шірік Рабат қалашықтарында археологиялық қазба жұмыстары басталып, зерттеулер жүргізілуде

Қызылорда облыстық мәдениет, архив және құжаттама басқармасыныӊ үстіміздегі жылдыӊ І жартыжылдығында арналған есептік мәліметтеріне сәйкес облыс музейлері бойынша 1665 экспонат жинақталып, оныӊ ішінде облыстық музей қоры 436 экспонатпен толықтырылды.

Қызылорда. 10 шілде. Kazakhstan Today - Қызылорда облысы музейлерініӊ қорында барлығы 127807 экспонат бар. Қызылорда облыстық мәдениет, архив және құжаттама басқармасыныӊ үстіміздегі жылдыӊ І жартыжылдығында арналған есептік мәліметтеріне сәйкес облыс музейлері бойынша 1665 экспонат жинақталып, оныӊ ішінде облыстық музей қоры 436 экспонатпен толықтырылды.

Есепті мерзімде облыс музейлерінде 4636 экскурсия жүргізіліп, 340 лекция, 294 көрме ұйымдастырылды. Оған келушілер 63971 адамды құрады.

18 сәуір - Халықаралық ескерткіштер мен тарихи орындар күніне орай "Сыр өӊірініӊ тарихи-мәдени мұрасы: зерттеу, насихаттау және сақтау мәселелері" атты дөӊгелек үстел ұйымдастырылды. Дөӊгелек үстелде тарих және мәдениет ескерткіштерініӊ жәй-күйі, олардыӊ сақталу жайы, өӊірдегі археологиялық зерттеулердіӊ барысы талқыланды.

Облыстық тарихи-өлкетану музейінде жылда 18 мамыр - Халықаралық музейлер күніне орай "Музей түні - 2017" атты мерекелік шаралар ұйымдастырылады. Биыл ұйымдастырушылар келушілерге 20-ға жуық шара ұсынды.

Елбасыныӊ "Болашаққа бағдар: рухани жаӊғыру" атты кеӊ көлемді мақаласынан туындайтын "Туған жер", "Қазақстанныӊ киелі жерлерініӊ географиясы" атты бағдарламалары аясында өӊіріміздегі археологиялық және киелі орындарды насихаттау мақсатында "Казконтент" АҚ, "Хабар", "Қазақстан" РТРК, "Қазақстан-Қызылорда" телеарналарында арнайы бағдарламалар берілді.

Сонымен қатар, бүгінгі күні Сығанақ, Жанкент, Шірік Рабат қалашықтарында археологиялық қазба жұмыстары басталып, зерттеулер жүргізілуде.

ҚР Премьер-Министрі Б.Сағынтаев Қызылорда облысына жұмыс сапары аясында Сығанақ қалашығында жүргізіліп жатқан археологиялық зерттеу жұмыстарыныӊ барысымен танысты.

Есепті мерзім ішінде облыста жаӊа ескерткіштерді орнатуды реттеу және тарихи-мәдени мұра объектілерін тарих және мәдениет ескерткіштері деп тану, сондай-ақ оларды мәртебесінен айыру туралы қорытынды әзірлейтін облыстық комиссияныӊ 4 отырысы өткізілді. Онда монументті өнердіӊ жаӊа құрылыстарын орнатуға, тарихи-мәдени мұра объектілерініӊ алдын-ала тізіміне толықтыруға келісім беру мәселелері қаралды.

Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны