16.02.2017, 20:18 4730

Қызылорда облысында соӊғы 3 жылда 11 шағын аудан бой көтерді

Қырымбек Көшербаевтыӊ мәліметінше, 2016 жылы қаржыландырудыӊ барлық көздерініӊ есебінен 500 мыӊ шаршы метрден астам тұрғын үй пайдалануға берілді. Бұл 2015 жылдыӊ тиісті мерзімімен салыстырғанда 17 пайызға артық деген сөз.

Қызылорда. 16 ақпан. Kazakhstan Today - Соӊғы 3 жылда Қызылорда облысында 11 шағын аудан бой көтерді. Бұл туралы Қызылорда облысыныӊ әкімі Қырымбек Көшербаев 15 ақпанда тұрғындарға есеп беру кездесуінде мәлімдеді,- деп хабарлайды Kazakhstan Today.

Қырымбек Көшербаевтыӊ мәліметінше, 2016 жылы қаржыландырудыӊ барлық көздерініӊ есебінен 500 мыӊ шаршы метрден астам тұрғын үй пайдалануға берілді. Бұл 2015 жылдыӊ тиісті мерзімімен салыстырғанда 17 пайызға артық деген сөз.

Мемлекеттік қаржыландырудыӊ есебінен ғана 2016 жылы 36 көп қабатты үй пайдалануға беріліп, 1864 отбасы жаӊа тұрғын үйге қол жеткізді. Өткен жылы Қызылорда қаласында барлығы 80 көп қабатты үй салынды. Ондағы 4000 пәтер 2015 жылдағыдан 2 есе көп.

Биылғы жылы ауқымды жұмыстар жеке тұрғын үйлер құрылысына қажетті алаӊдарды әзірлеуге де бет бұрып, өрістеуде. Бұл мақсатқа өткен жылы 17 млрд теӊгеден астам қаржы бағытталды. Бұдан басқа, көп жылдардан бері алғаш рет аудандарға да 5 млрд. теӊгеден астам қаржы бөлінді.

-Инженерлік - коммуникациялық инфрақұрымныӊ құрылысын ауқымды түрде жүргізу тұрғын үй құрылысыныӊ жандануына әкеледі. Мәселен, былтыр облыс орталығында 980 га аумақты алып жатқан "Бәйтерек" жаӊа шағын ауданы ашылды. Онда 6600 жеке жер телімдерінде 36 мыӊнан астам халық тұратын болады. Бұл дегеніміз - толыққанды кішігірім қалашыққа айналады деген сөз!,- деді облыс әкімі.

Соӊғы үш жылда облыс орталығында тиімді тұрғын үй бағдарламасыныӊ арқасында 11 шағын аудан бой көтерді.

- Мұнан бөлек, "Қызылорда-Жезқазған" тас жолыныӊ бойында 150 га жер телімініӊ жұмыс жоспары дайын тұр. Келесі кезеӊде осы аумақтыӊ инженерлік инфрақұрылымын жүргізуді бастаймыз. Бұл жұмыстар барысында тағы да қосымша 1200 жер телімін бөлуге мүмкіндік туады,- деді Қырымбек Көшербаев.

Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны