27.04.2017, 16:12 5039

Қызылорда облысында су тасқынына қарсы дайындық шаралары күшейтіледі

26 сәуірде Қызылорда облысыныӊ әкімдігінде облыс әкімі Қырымбек Көшербаевтыӊ төрағалығымен су тасқынына қарсы қауіпсіздікті қамтамасыз ету бойынша жедел мәжіліс өтті.

Қызылорда. 27 сәуір. Kazakhstan Today - 26 сәуірде Қызылорда облысыныӊ әкімдігінде облыс әкімі Қырымбек Көшербаевтыӊ төрағалығымен су тасқынына қарсы қауіпсіздікті қамтамасыз ету бойынша жедел мәжіліс өтті.

- Ауыл шаруашылығы министрлігініӊ мәліметі бойынша біздіӊ облысымызда су басу қаупі туындауда. Бұған себеп, Шардара мен Көксарай су қоймалары суға толып, таулы аймақтардағы жауын-шашын салдарынан жоғарыдан өте көп мөлшердегі судыӊ келуі. Алдын ала есептемелер бойынша Сырдария өзені арнасымен сәуір айыныӊ 30-на секундына 1600 текше метр мол судыӊ келетіні анықталып отыр. Бұл әдеттегіден екі есе көп. Осыған орай, жұмылдыру және төтенше жағдайлар қызметтері, қала мен аудан әкімдіктерініӊ қабылдаған шаралары нәтижесінде дариядан осы көлемдегі суды қауіпсіз өткізу қажет,-деді облыс әкімі.

Сонымен қатар облыс әкімі мамыр айыныӊ 15-не дейін жауын-шашынныӊ көп көлемде болу болжамына сәйкес су мөлшері секундына 1800-2000 текше метрге дейін өсуі мүмкін екенін айта келіп, алдағы міндет осы мол суды шығынсыз өткізу деді.

Мұнан соӊ облыс әкімініӊ орынбасарлары Серік Қожаниязов пен Серік Сүлейменов, қала мен аудан әкімдері, жауапты мекеме басшылары, ардагер мамандар өӊірдегі ахуал туралы пікір-ұсыныстарын баяндады.

Жиын қорытындысы бойынша облыс әкімі Қ.Көшербаев облыс бойынша су басу қаупіне байланысты төтенше жағдайдыӊ алдын алу шараларын жариялады. Халықтыӊ қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін барлық мүмкіндікті пайдалана отырып, жұмыла жұмыс істеуге шақырды. Жауапты тұлғаларға нақты тапсырмалар берді. Мол суды қауіпсіз өткізуді қамтамасыз ету облыс әкімініӊ орынбасарлары Серік Қожаниязов пен Серік Сүлейменовке, аудандар мен қала әкімдеріне, жұмылдыру және төтенше жағдай мемлекеттік органдар басшыларына жүктелді.

Шардара мен Көксарай су қоймаларыныӊ суға толуы, жауын-шашынныӊ көбеюі сырбойылықтар үшін қауіпті болып тұр. Бұл туралы өӊірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифингте тиісті сала өкілдері мәлімдеді.

Облыстық жұмылдыру дайындығы басқармасыныӊ басшысы Серік Сермағамбетов аймақта су басу қаупі бар 56 елді мекен барын айтты. Ал оныӊ айналасында 375 мыӊ адам, 79 мыӊ тұрғын үй, 247 мыӊ мал бар. Тұрғындар жағдайдан хабардар. Азаматтық қорғау құрылымдарыныӊ жұмысы күшейтілді.

- Облыс әкімініӊ тапсырмасына сәйкес аудандарда жедел штабтар құрылды. Қауіпті учаскелерде 68 техника, 680 адам жұмыс жасап жатыр. Бірінші кезекте қорғаныс бөгеттері күшейтіледі. 82 эвакуациялық жинақ пен 96 эвакуациялық қабылдау пункті дайындалды, - деді басқарма басшысы.

Табиғи факторларға байланысты Сырдария өзенініӊ төменгі ағысына облыс шекарасындағы Көктөбе су бекетінен секундына 1300 текше метр су өтіп жатыр. Алдын ала есеп бойынша екі-үш күндікте бұл 1600-ге дейін көбейеді. "Қазгидромет" (Қазақстан) пен "Узгидрометтіӊ" (Өзбекстан) ресми мәліметіне сүйенген Арал-Сырдария бассейндік инспекциясыныӊ басшысы Иділхан Қарлыханов облыс аумағына келетін су мөлшері секундына 1800-2000 текше метрге дейін жоғарылауы мүмкін екенін қаперге салды. Қауіптіӊ алдын алу үшін Шиелідегі Күміскеткен су қоймасыныӊ жобасы әзірленді. Қазір мұнда 60 текшеметр су келіп түсіп жатыр. Негізі қойма 600 миллион текшеметрге дейін су сақтауға лайықталған.

- Бүгінде қауіпті аумақтардағы көлдер жүйесі мен ескі су арналардыӊ өткізгіштік қабілеті зерттелу үстінде. Мамандар Шиелі ауданы бойынша Бұлақтыкөл, Парша, Қалғандария арналарыныӊ жағдайын анықтап жатыр. Қазір Нансай арнасыныӊ су өткізу қабілетін секундына 20 текшеметрге дейін арттыру үшін тазарту және ауқымын кеӊейту механизмі жұмыс істеуде, - деді И.Қарлыханов.

Облыстық төтенше жағдайлар департаментініӊ басшысы Омар Бержанов барлық ауданда, қалада қауіпсіздік шараларына пайдаланылатын материалдық-техникалық қорлардыӊ әзірленгенін жеткізді. "ҚазСуШар" ШЖҚ РМК Қызылорда филиалы басшысыныӊ орынбасары Жорабек Ерназаров қауіпті сейілту бағытында қолға алынған жұмыстар туралы айтып берді.

Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны