30.10.2008, 16:31 1345

Қызылорда облыстық кеденінде ірі көлемдегі ақшаның талан-тараж болғаны анықталды

Қызылорда облыстық кеденінде ірі көлемдегі ақшаның талан-тараж болғаны анықталды

Қызылорда. 30 қазан. "Қазақстан Бүгін" - Қызылорда облыстық кеденінде ірі көлемдегі ақшаның талан-тараж болғаны анықталды, деп хабарлайды агенттік тілшісі облыстық кедендік бақылау департаментінің абспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Ішкі қауіпсіздік бөлімінің қызметкерлері бухгалтерлік есеп және есептілік бөлімінің бас маманы өзінің лауазыумдық құзыретін пайдалану арқылы "бірнеше шығын-касса ордерлерінде ақша алуға уәкілетті адамның қолын жасанды қою арқылы 2 млн 110 мың теңгені иемденіп алған", дейді баспасөз қызметіндегілер.

Сөйтіп, әйелдің үстінен ҚР Қылмыстық кодексінің 176-бабының 3-тармағының "б" және "г" тармақшалары, 314-бабының 2-тармағы бойынша қылмыстық іс қозғалды.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны