01.06.2017, 17:30 4636

"Қызылорда және Нарын қалалары арасындағы сауда-экономикалық, ғылыми-техникалық және мәдени байланыс" туралы меморандумға қол қойылды

Қызылорда қаласыныӊ әкімі Нұрлыбек Нәлібаев пен Қырғыз Республикасы Нарын қаласы жоғары кеӊесініӊ бірінші вице - спикері Уланбек Жаанбаев "Қызылорда және Нарын қалалары арасындағы сауда-экономикалық, ғылыми-техникалық және мәдени байланыс" туралы меморандумға қол қойды.

Қызылорда. 1 маусым. Kazakhstan Today - Қызылорда қаласыныӊ әкімі Нұрлыбек Нәлібаев пен Қырғыз Республикасы Нарын қаласы жоғары кеӊесініӊ бірінші вице - спикері Уланбек Жаанбаев "Қызылорда және Нарын қалалары арасындағы сауда-экономикалық, ғылыми-техникалық және мәдени байланыс" туралы меморандумға қол қойды.

Кездесуге Қырғыз Республикасыныӊ ІІІ дәрежелі мемлекеттік кеӊесшісі, Қырғыз Республикасыныӊ Ұлттық ғылым академиясыныӊ президентініӊ ғылыми хатшысы Калнур Ормушев, "Қырғызстан" партиясы төрағасыныӊ орынбасары, Нарын қалалық кеӊесініӊ депутаты Давид Курманов және Қызылорда қаласыныӊ активі қатысты.Кездесуді қала әкімі Нұрлыбек Мәшбекұлы Сырдыӊ бас шаһарыныӊ тарихы мен бүгінгі жетістіктері туралы қысқаша айтып өтті.

Он екі баптан тұратын меморандумда екі қала арасында инвестиция тарту, кәсіпкерлік, ауыл шаруашылығы, құрылыс, қоршаған ортаны қорғау, денсаулық сақтау, білім, мәдениет, спорт және туризм секілді әлеуметтік салалар бойынша ынтымақтастықты арттыру мәселесі қарастырылған.

Жиын соӊында қала әкімі қонақтарға естелік сыйлықтар табыстап, бауырлас екі елдіӊ арасындағы іскерлік, әріптестік ынтымақтастықтыӊ артуына септігі мол серпінді жобаларды бірлесіп жүзеге асыруға шақырды,- деп хабарлайды Қала әкімініӊ баспасөз қызметі.

Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны