07.02.2014, 18:20 3321

Қызылордада жетім балалар баспаналы болды

Жалпы облыста 18 жасқа толмаған мыңнан астам жетім бар. Олардың барлығы баспана кезегіне қойылған. Аймақ басшысы биыл мұнай компанияларының демеушілігімен отбасы үлгісіндегі балалар ауылының құрылысын бастайтынын жеткізді.

Алматы. 7 ақпан. Kazakhstan today. Ата-анасынан айрылған 17 жетім жасқа Қызылорда облысының әкімі Қ.Көшербаев пәтер кілттерін табыс етті.

Икімдіктің хабарлауынша, бүгін берілген 17 пәтер "Жұмыспен қамту 2020 жол картасы" бағдарламасы бойынша жүзеге асып отыр.

Тағдырдың теперішіне ұшыраған жандар армандарының орындалғанына қуанышты.

"Бізде сіздер секілді толқып отырмыз. Тағдырдың жазғаны болар ата-анасыз өстіңіздер. Бірақ Тәуелсіз еліміз бар. Икелік қамқорлық танытатын Елбасы бар. Сондықтан әрбір армандарыңызға қол жеткізуге мүмкіндіктеріңіз бар. Бүгінгі кездесу осы сөзіміздің дәлелі" деді облыс әкімі Қырымбек Көшербаев.

Жалпы облыста 18 жасқа толмаған мыңнан астам жетім бар. Олардың барлығы баспана кезегіне қойылған.

Аймақ басшысы биыл мұнай компанияларының демеушілігімен отбасы үлгісіндегі балалар ауылының құрылысын бастайтынын жеткізді. Яғни ата-ана мейірімін көрмеген өскелең ұрпақ өздерін қамқорсыз сезінбеуі үшін.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны