23.07.2014, 19:14 1390

Көкпектідегі қалпына келтіру жұмыстарын облыс әкімі назарға алды

Көкпекті ауылындағы табиғи апаттан кейінгі қалпына келтіру жұмыстары, тұрғын үй құрылысы мен тұрғындарды әлеуметтік қолдау Қарағанды облысының әкімі Нұрмұхамбет Ибдібековтың қатаң бақылауында, - деп облыс әкімдігінен хабарлады.

Алматы. 23 шілде. Kazakhstan today. Көкпекті ауылындағы табиғи апаттан кейінгі қалпына келтіру жұмыстары, тұрғын үй құрылысы мен тұрғындарды әлеуметтік қолдау Қарағанды облысының әкімі Нұрмұхамбет Ибдібековтың қатаң бақылауында, - деп облыс әкімдігінен хабарлады.

Өңір басшысы кезекті рет ауылға ат басын бұрып, Нижняя және Жағалау көшелерінде салынып жатқан жаңа үйлердің құрылысымен танысты.

Табиғи апаттың зардаптарын жоюға арналған штаб отырысында әкім жүргізілген жұмыстардың есебін тыңдады.

Бұқар жырау ауданының әкімі Нұркен Қобжановтың айтуынша, бүгінге дейін ауылдың 39 үйіне толықтай қабырға монтажы жасалынған. 8 үйде бұл көрсеткіштер 30-90% аралығында болса, 5 үйде ішкі сылақ жұмыстары басталған, ал 3 үйге электр сымдарын монтаждау жұмыстары жүргізілуде.

Сонымен қатар, қоғамдық қор есепшотына 271 млн 860 мың теңге түскен. Соның ішінде 256 млн 238 мың теңге зардап шеккендердің жеке шотына тұрмыстық техника мен үй жөндеу жұмыстарына аударылды.

"Нұрмұхамбет Ибдібеков құрылыс жұмыстарына баға бере келіп, уақыттың өте тығыз екенін айтты. Көрсетілген мерзімде үй құрылыстарын толықтай аяқтау үшін аудандағы барлық резерв пен күштің жұмылдыру қажеттілігін айтты. Сонымен қатар, әкім қайта құру жұмыстары бойынша бірқатар нақты тапсырмалар берді", - делінген хабарламада.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны