10.01.2010, 11:55 2885

Көкшетауда кәсіпкердің үйіне қарақшылық шабуыл жасалды

Көкшетауда кәсіпкердің үйіне қарақшылық шабуыл жасалды

Көкшетау. 10 қаңтар. Kazakhstan Today - Көкшетауда 9 қаңтар күні кешке кәсіпкердің үйіне қарақшылық шабуыл жасалды, деп хабарлайды Kazakhstan Today Ақмола облыстық ІІД-нің баспасөз қызметінің жетекшісі Нұрлан Алпысбаевқа сілтеме жасап.

"Кешкі сағат 8 кезінде ІІД-нің шұғыл басқару орталығының кезекшілік бөлімінің пультіне Көкшетау тұрғыны телефон арқылы белгісіз бір қылмыскерлер үйіне қарақшылық шабуыл жасағаны туралы хабар берген. 50 жастағы кәсіпкер қарақшылардың үш адам екенін және олардың бәрі де медициналық бетперде кигенін жеткізген. Оларда қаруы болған, біреуінде қос ауызды шолақ аңшы мылтығы, ал басқа екеуінде "Оса" жарақаттағыш қаруына ұқсас тапаншалары бар", - деді Н. Алпысбаев.

"Үйдің иесі мен оның жұбайын әлгілер скотчмен матап, қару көрсетіп қорқыту арқылы 200-ден астам құндыз тымақ, құндыз терісінен жасалған тон мен бір жарым миллион теңгесін тонап кеткен. Сондай-ақ, тонаушылар қылмыс орнынан жәбірленушінің БМВ-X5 көлігімен іздерін жасырған. Шығынның жалпы көлемі шамамен 12 млн теңгені құрайды", - деді Н. Алпысбаев.

Баспасөз қызметінің ақпаратына сәйкес, қазір қалалық полиция бар күшін осы қылмысты әшкерелеуге бағыттауда. "Ол үшін арнаулы жедел тергеу тобы құрылды, оның құрамына криминалдық полиция мен тергеу органдарының тәжірибелі қызметкерлері кірген". Топты облыстық ІІД төрағасының бірінші орынбасары Берік Біләлов басқарады.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны