27.02.2007, 11:05 2561

Көктемгі бірінші мемлекеттік мереке кезінде қазақстандықтар үш күн демалады

АСТАНА. 27-ақпан. Kazakhstan Today. Көктемгі бірінші мемлекеттік мереке - Халықаралық әйелдер күнінде қазақстандықтар үш күн демалады, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігі үкіметтің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

"Еңбеккерлердің демалысын дұрыс ұйымдастыру және жұмыс күнін тиімді пайдалану мақсатымен ҚР үкімет басшысы Кәрім Мәсімов 2007-жылдың 9-наурызындағы (жұма) жұмыс күнін 2007-жылдың 11-наурызына (жексенбі) ауыстыру туралы үкімет қаулысына қол қойды",- деп хабарлайды баспасөз қызметі.

Сөйтіп, 8, 9 және 10-наурыз - демалыс күндері болмақ.

Қаулыға сәйкес, 11-наурыз - жұмыс күні болып табылады.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны