14.10.2011, 10:55 4022

Көліктегі заң бұзушылықтардың арасындағы ең өзекті мәселе әуе рейстерінің кешігуі болып табылады

"Иуе және т/ж тасымалдауда тұтынушылардың құқығын қамтамасыз етуге бағытталған заңнамалардың орындалуын тексеру қорытындылары жолаушы және жүк тасымалы саласында кейбір жүйелік заңбұзышылықтардың орын алғанын көрсетті", - делінген жұма күні таратылған хабарламада.

Астана. 14-қазан. Kazakhstan Today - Көліктегі заң бұзушылықтардың арасындағы ең өзекті мәселе әуе рейстерінің кешігуі болып табылады, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

BNews.kz ақпараттық агенттігінің хабарлауынша, Қазақстанда әуе және теміржол тасымалы саласында жүйелік заң бұзушылықтар анықталған. Бұл туралы ҚР Бас көлік прокуратурасының баспасөз қызметі ҚР Көлік және коммуникация министрлігі, "Қазақстан темір жолы" ҰК" АҚ, сонымен қатар авиакомпаниялар мен әуежайлар өкілдерінің қатысуымен өткен мекеменің алқа отырысы қорытындыларына сілтеме жасай отырып хабарлаған.

"Иуе және т/ж тасымалдауда тұтынушылардың құқығын қамтамасыз етуге бағытталған заңнамалардың орындалуын тексеру қорытындылары жолаушы және жүк тасымалы саласында кейбір жүйелік заңбұзышылықтардың орын алғанын көрсетті", - делінген жұма күні таратылған хабарламада.

Иуе тасымалы кезінде әуе рейстерінің уақытынан кешігуі ең өзекті тақырып болып табылады. Бұл Алматы әуежайында әуе рейстерінің тәулік бойына дұрыс бөлінбеуінен және оның қуатының жеткіліксіз болуынан, аймақтық әуежайлар инфрақұрылымының жетілдірілмегендігінен, қосалқы әуе кемелері санының жеткіліксіздігінен орын алып отыр. Белгілі болғандай, әуе рейстерінің уақытынан кешіктірілуі салдарынан ҚР бойынша 2010 жылы және 2011 жылдың І тоқсанында 60 мыңнан астам жолаушының құқығы бұзылған.

Сонымен қатар тексеріс барысында Алматы, Семей және Петропавл әуежайларында мүмкіндігі шектеулі жолаушыларға арналған арнайы қондырғылар мен техникалық жабдықтардың жоқтығы анықталды.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны