28.02.2007, 12:37 3562

Көмірсутегі секторын дамытуға шетелдік және жергілікті инвесторларды тартуды экономиканы әртараптандырумен тікелей сабақтастыру қажет - Қазақстан президенті

АСТАНА. 28-ақпан. Kazakhstan Today. "Көмірсутегі секторын одан әрі дамытуға шетелдік және жергілікті инвесторларды тартуды экономиканы әртараптандырумен тікелей сабақтастыру қажет. Жаңа әрі келешегі бар өндірістер құруға бағытталған маңызды міндеттерді осы тұрғыдан шешу керек". Бұл туралы президент Нұрсұлтан Назарбаев бүгін парламент палаталарының бірлескен отырысында Қазақстан халқына арнаған жолдауында мәлімдеді деп хабарлайды Kazakhstan Today тілшісі.

"Біз қазір Қазақстанның аса бай жер қойнауын игеріп жатқан шетелдік әріптестерімізден ел мүддесіне оң бетін беріп, нарықтық негізде біздің экономиканы әртараптандыру мен еліміздегі әлеуметтік дамуға шешімді түрде атсалысуы қажет екенін талап етуге тиіспіз",- деді Н.Назарбаев.

"Мен барлық компаниялармен тиісті жұмыстар жүргізуді үкіметке міндеттеймін",- деді Елбасы. "Осы мәселе бойынша келісім берген компаниялар біздің қолдауымызға ие болмақ", деді ол.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны