23.06.2014, 22:05 2747

КО-ның техникалық регламенті мәселелері бойынша конференция өтті

Техникалық реттеудің күн тәртібінен алынбай тұрған мәселелер "Дөңгелекті көлік құралы қауіпсіздігі туралы" конференцияда талқыланды, деп ҚР ИЖТМ Техникалық реттеу және метрология комитетінен хабарлады.

Алматы. 23 маусым. Kazakhstan today. Техникалық реттеудің күн тәртібінен алынбай тұрған мәселелер "Дөңгелекті көлік құралы қауіпсіздігі туралы" конференцияда талқыланды, деп ҚР ИЖТМ Техникалық реттеу және метрология комитетінен хабарлады.

Конференцияның шымылдығын ашқан Комитет төрағасының орынбасары Ғалымжан Дұғалов, соңғы бесжылда отандық көлік паркі екі есе немесе 2 миллионнан 4,2 миллион данаға дейін артты деп мәлім етті. Ресми автоделдалдардың жеңіл және коммерциялық автокөлік сатылымы 2012 жылы 98,2 мың дананы құраса, 2013 жылы 165,7 мың данаға жетті. Болжам бойынша бұл көрсеткіш 2014 жылы 214-220 мың дана аралығында болады, деп ведомвтоның баспасөз қызметінен хабарлады.

Айта кетерлік жайт, алдағы уақытта енгізілетін Кедендік Одақтың техникалық реттеу регламенті отандық автокөліктің БҰҰ Еуропалық Экономикалық комиссиясының талаптарына сай келетіндігін немесе керісінше келмейтіндігін көрсететін болады.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны