13.06.2014, 21:52 3149

Конституциялық Кеңес Қарағанды облыстық сотының Азаматтық кодексі 218-бабының 6-тармағын конституциялық емес деп тану туралы ұсынысын қолдады

Конституциялық Кеңес Қарағанды облыстық сотының Азаматтық кодексі 218-бабының 6-тармағын конституциялық емес деп тану туралы ұсынысын қолдады

Конституциялық сот Қарағанды облысы ұсынған қаулыны жариялады

Алматы. 13 маусым. Kazakhstan today. 2014 жылғы 11 маусымда Қарағанды облыстық сотының Қазақстан Республикасы Азаматтық кодексі 218-бабының 6-тармағын конституциялық емес деп тану туралы ұсынымы бойынша Конституциялық Кеңестің нормативтік қаулысы жарияланды.

Осыған дейін хабарлағанымыздай, Қарағанды облыстық соты Қазақстан Республикасы Азаматтық кодексі 218-бабының 6-тармағын конституциялық емес деп тану туралы ұсыныммен Конституциялық Кеңеске жүгінді, яғни Азаматтық кодекстің 218-бабы 6-тармағының ережелеріне сілтеме жасай отырып, мүлікті мәжбүрлі түрде жария саудаға салып сату туралы мәселе қойған, бұл тармаққа сәйкес осы баптың 3-5-тармақтарында баяндалған ережелер бойынша ортақ мүлiктi бөлу iсiн жүргiзудiң не одан үлестi бөлiп шығарудың тиiмсiздiгi айқын болған жағдайда сот мүлiктi жария саудаға салып сатып, кейiн одан түскен соманы ортақ меншiкке қатысушылар арасында олардың үлестерiне сәйкес бөлiп беру туралы шешiм шығаруға құқылы.

Конституциялық Кеңес ұсынымды жан-жақты қарап, мемлекеттік органдар өкілдерінің Кеңес отырысында сөйлеген сөздерін тыңдап, ой-тұжырымдарын, сарапшылардың қорытындыларын, сонымен қатар өзге де конституциялық іс жүргізудің материалдарын зерделеп, келесі қорытындыларға келді.

"Қазақстан Республикасының Үкіметіне, 1994 жылғы 27 желтоқсандағы № 268-ХІІІ Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексін (Жалпы бөлім) Қазақстан Республикасы Конституциялық Кеңесінің осы нормативтік қаулыда баяндалған құқықтық ұстанымдарына сәйкестендіру мақсатында оған өзгерістер мен толықтырулар енгізуге бастама жасау мәселесін қарау ұсынылсын", - делінген хабарламада.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны