10.10.2012, 12:42 2947

Конституциялық Кеңес төрағасы И.Рогов пен Президент кеңесшісі Е.Ертісбаев Демократия жөніндегі алғашқы әлемдік форумға қатысты

БҰҰ Бас хатшысы Пан Ги Мун және Еуропа Кеңесінің Бас хатшысы Торбьорн Ягланд форумға қатысушыларды құттықтап сөз сөйледі. Талқылау аясында Конституциялық Кеңестің Төрағасы "Демократия, жаһандану және егемендік" тақырыбында, ал Президенттің кеңесшісі экстремизм тақырыбында сөз сөйледі.

Астана. 10-қазан. Kazakhstan Today - Конституциялық Кеңес төрағасы И.Рогов пен Президент кеңесшісі Е.Ертісбаев Демократия жөніндегі алғашқы әлемдік форумға қатысты, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

Конституциялық Кеңестің төрағасы И.Рогов пен Президенттің кеңесшісі Е.Ертісбаев үстіміздегі жылдың 8-10 қазаны аралығында Страсбург қаласында бүгінгі демократиялық модельдердің кемшіліктері мен қалыптасқан жағдайын талқылау үшін түрлі мемлекеттердің саяси және іскер басшыларын, ғалымдары мен азаматтық қоғам белсенділерін бір үстел басына қосқан Демократия жөніндегі Бірінші Страсбург әлемдік форумына қатысты. Бұл туралы "Егемен Қазақстан" газетінің бүгінгі санында жазылды.

Бұл басқосу Еуропа Парламенті, Франция үкіметі, сондай-ақ Эльзас пен Страсбург қалаларының жергілікті және өңірлік биліктерінің бастамасымен өтті.

БҰҰ Бас хатшысы Пан Ги Мун және Еуропа Кеңесінің Бас хатшысы Торбьорн Ягланд форумға қатысушыларды құттықтап сөз сөйледі. Талқылау аясында Конституциялық Кеңестің Төрағасы "Демократия, жаһандану және егемендік" тақырыбында, ал Президенттің кеңесшісі экстремизм тақырыбында сөз сөйледі.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны