29.03.2012, 16:59 3824

"Қордай" кедені контрабандамен күресті күшейтті

Қордай ауданының азаматы кедендік рәсімдеусіз "Ауди-100" автокөлігімен халық тұтынатын тауарларды заңсыз алып өту кезінде қолға түсті.

Тараз. 29-наурыз. Kazakhstan Today - 12 наурыз күні "Қордай" кеденінің контрабандаға қарсы күрес бөлімі жүргізген шұғыл-іздестіру шаралары кезінде Қордай ауданының азаматы кедендік рәсімдеусіз "Ауди-100" автокөлігімен халық тұтынатын тауарларды заңсыз алып өту кезінде қолға түсті, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

Мемлекеттің кеден шекарасы Қырғыз Республикасынан Қазақстанға заңсыз жолмен тауарлар кіргізбек болған күдіктінің көлігіндегі тауардың жалпы кедендік құны 1 млн. 744 007 теңгені құраған.

Осындай дерек 20 наурыз күні Қордай ауданының "Қарасай батыр" автотрассасынан 500 метрдей қашықтықта тоқтатылған "Ауди-100" автокөлігінен кедендік құны 1 млн. 904 202 теңге болатын халық тұтынатын тауарлар табылған.

Жамбыл облысы бойынша Кедендік бақылау департаментінің бас маманы Құдай берген Рысдәулеттің айтуынша қазіргі уақытта осы екі дерек бойынша ҚР ҚК-ның 209 бабы, 1 бөлігімен 2 қылмыстық іс қозғалып, тергеу амалдары жүргізілуде.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны