02.09.2009, 14:15 3544

Қостанай облысында екі діни ұйымның жетекшісі ұсталды

Қостанай облысында екі діни ұйымның жетекшісі ұсталды

Қостанай. 2 қыркүйек. Kazakhstan Today - Қостанай облысында өткен аптада екі діни ұйымның жетекшісі ұсталды, деп хабарлайды Kazakhstan Today облыстық ІІД-нің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Баспасөз қызметінің ақпаратына сәйкес, Қостанай облыстық ІІД-нің экстремизммен, сепаратизммен және лаңкестікпен күрес бөлімінің қызметкерлері Рудный қаласында "Евангелиелік христиан-баптистік шіркеулерінің халықаралық кеңесі" қауымының жетекшісін ұстады. Ол 14 серіктің басын қосып, құлшылық ұйымдастырған. Полицияның анықтағанындай, қауым тиісті мемлекеттік органдарда тіркеусіз жұмыс істеген.

Баспасөз қызметінің ақпаратына сәйкес, діни ұйымның 33 жастағы жетекшісі ҚР Икімшілік құқық бұзушылықтар кодексінің 374-1 бабының 1-тармағы бойынша (Белгіленген тәртіппен тіркелмеген қоғамдық, діни бірлестіктердің қызметіне қатысу, басқару, сондай-ақ, олардың іс-қызметін қаржыландыру) жауапкершілікке тартылды.

Баспасөз қызметінің ақпаратына сәйкес, сондай-ақ, Меңдіқара ауданында "Ата Жолы" ұйымының заңсыз іс-қызметіне тосқауыл қойылды. Алматы қалалық соты бұдан бұрын аталған ұйымның республика аумағында қызмет жүргізуіне тыйым салу және жою жөнінде шешім шығарған болатын, алайда соған қарамастан, осы ағымның жолын қуушылар өз ізбасарларымен кездесулерді доғармаған және дәстүрлен тыс емдеулерін де одан әрі жалғастырған. Діни топты 47 жастағы жергілікті әйел тұрғын басқарған.

Полиция қызметкерлері тыйым салынған діни әдебиетті тәркіледі, қазір оған діни сараптама тағайындалды.

Ұйым жетекшісінің үстінен ҚР Икімшілік құқық бұзушылықтар кодексінің 374-1 бабының 2-тармағы бойынша әкімшілік іс қозғалды.

ІІД мәліметінше, жалпы алғанда, ағымдағы жылдың тамыз айында тәртіп сақшылары діни ұйымдардың заңсыз қызметіне қатысты алты оқиғаны әшкереледі.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны