17.10.2007, 16:20 2916

Қостанай облыстық ауруханасында пайдалану мерзімі аяқталған ампулалар операция кезінде ұзақ мерзімді наркоз үшін қолданылып келген

Қостанай облыстық ауруханасында пайдалану мерзімі аяқталған ампулалар операция кезінде ұзақ мерзімді наркоз үшін қолданылып келген.

Астана. 17 қазан. "Қазақстан Бүгін". - Қостанай облыстық ауруханасында пайдалану мерзімі аяқталған ампулалар операция кезінде ұзақ мерзімді наркоз үшін қолданылып келген. Бұл туралы бүгін өткен баспасөз мәслихатында Бас прокуратураның ресми өкілі Сапарбек Нұрпейісов мәлімдеді, деп хабарлайды "Қазақстан Бүгін" тілшісі.

Ресми өкілдің хабарлауынша, Қостанай облыстық ауруханасында пайдалану мерзімі биылғы жылдың мамыр айында біткен "Ардуан" дәрі-дәрмегінің 875 ампуласы анықталды.

Тексеру кезінде "Ардуан" дәрі-дәрмегінің жалпы көлемі 2 260 ампуланы құрады, ал оның жартысынан астамы облыстық ауруханада пайдалану мерзімі өтіп кеткеннен кейіннен де қолданыла берген.

"Ардуан" дәрісі ауыр операциялар кезінде ұзақ мерзімді наркоз үшін қолданылатын препаратқа жатады.

Яғни облыстық ауруханада 2007 жылдың мамыр айынан қыркүйек айына дейін операциялар жасау кезінде пайдалану мерзімі өтіп кеткен наркоздық дәрі қолданылып келген.

Пайдалану мерзімі өтіп кеткен дәрі-дәрмектерді сақтау және өткізу фактілері Оңтүстік Қазақстан, Жамбыл және тағы басқа облыстарда анықталды.

Тексеру республиканың фармацевтикалық субъектілері дәрі-дәрмек заттарды сақтау жөніндегі талаптарды да сақтамайтындығын көрсетті.

Медициналық дәрі-дәрмектерді сақтау нормасының тиісті температурасы +10?С болса, дәрі заттары +25?С және одан жоғары температурада сақталады.

Мысалы, Алматы авиациялық көлік прокуратурасы Қазақстан Республикасының аумағына авиакөлік арқылы әкелінетін дәрі-дәрмек заттарын уақытша сақтау тәртібінің сақталуына тексеру жүргізу кезінде "ЕАТ Карго" жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің уақытша сақтау қоймасында дәрі-дәрмек сақтау үшін арнайы баспана болмағаны анықталды.

Соның салдарынан, көлемі 100 орама "Сандостатин" дәрісі +25?С +27?С жоғары температурасы бар сөрелерде сақталынған, ал тиісті нұсқаулыққа сәйкес оның сақтау температурасы +2?С +8?С градустан аспауы қажет.

Өкілдің хабарлауынша, жалпы дәрі-дәрмек заттары туралы заңдылықтын қолдануына жүргізілген тексеріс кезінде тіркелмеген, пайдалану мерзімі өтіп кеткен медициналық дәрі-дәрмектер, медикаменттерді сақтау жағдайын сақтамау секілді заң бұзушылықтар көптеп анықталды.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны