Система Orphus

Қостанайдың мамандандырылған әкімшілік сотының төрағасы бұрынғы жұбайын өлтіруге әрекеттенді деген күдікпен ұсталды

08.10.2009, 15:41 391

Қостанай. 8 қазан. Kazakhstan Today - Қостанайдың мамандандырылған әкімшілік сотының төрағасы бұрынғы жұбайын өлтіруге әрекеттенді деген күдікпен ұсталды, деп хабарлайды Kazakhstan Today Қостанай облыстық ІІД-нің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Баспасөз қызметінің ақпаратына сәйкес, 7 қазанда ҚР Қылмыстық-процессуалдық кодексінің 132-бабының тәртібімен Қостанайдың мамандандырылған әкімшілік сотының төрағасыЕрбол Панзабеков бұрынғы жұбайын өлтіруге әрекеттенді деген күдікпен ұсталды.

Кеше облыс орталығындағы бір көшеде Е. Панзабековтың бұрынғы жұбайы, "Аденстрой" ЖШС тең төрайымының автокөлігіне қаратып оқ атылды. Шабуылдың салдарынан әйел де, көлікте отырған жолаушылар да зардап шеккен жоқ. Бірінші оқ тимей кетсе, екіншісі көліктің артқы жақ есігінің үстіңгі бөлігіне тиген.

Қазір бұл оқиғаға қатысты жайттарды Қостанай облыстық ІІД-нің тергеу басқармасы айналысуда.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

При использовании информации, гиперссылка на информационное агентство Kazakhstan Today обязательна.

Комментарии

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны