11.10.2007, 17:09 3021

Қостанайлық кеденшілер героиннің ірі партиясымен Қырғызстан азаматын ұстады

Қостанайлық кеденшілер героиннің ірі партиясымен Қырғызстан азаматын ұстады.

Астана. 11 қазан. "Қазақстан Бүгін" - Қостанайлық кеденшілер героиннің ірі партиясымен Қырғызстан азаматын ұстады. Бұл туралы ҚР Қаржы министрлігінің кедендік бақылау комитетінің баспасөз қызметінен хабарлады.

Баспасөз қызметінің ақпаратына сәйкес, Қостанай облыстық кедендік бақылау департаментінің "Қайрақ" кеден бекетінің қызметкерлері 9 қазанда Қырғызстан азаматынан 5 кг 494 грамм героин тәркіледі.

"Героин Қырғызстаннан Ресей бет алған Қырғызстан азаматы айдаған "Опель-Вектра" маркалы автокөліктің жанармай құятын құтысынан шыққан", -деп хабарлайды баспасөз қызметі.

Бұл дерек бойынша, баспасөз қызметінің мәліметінше, 11 қазанда облыстық кедендік бақылау департаментінің контрабандамен күрес басқармасының қызметкерлері ҚР Қылмыстық кодексінің 24-бабы, 3-тармағы, 250-ші бабы, 1-тармағы бойынша (айналымнан шығарылған заттардың, немесе, айналымы шектелген заттардың контрабандасы) қылмыстық іс қозғады.

Сонымен бірге, 8 қазанда Алматы облыстық кедендік бақылау департаменті "Қорғас" кеден бекетінің қызметкерлері ҚХР азаматынан қол жүгін тексеру барысында кедендік бақылаудан жасырылған, декларацияда көрсетілмеген 17 260 АҚШ долларын тапты.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны