28.01.2008, 16:33 2842

ҚР алдағы үш жылда әлеуметтік жағынан қорғалмаған азаматтар үшін жалға берілетін мемлекеттік баспананың 457 мың шаршы метрі тапсырылады-ИСМ

ҚР алдағы үш жылда әлеуметтік жағынан қорғалмаған азаматтар үшін жалға берілетін мемлекеттік баспананың 457 мың шаршы метрі тапсырылады-ИСМ

Астана. 28 қаңтар. "Қазақстан Бүгін" - Қазақстан Республикасында алдағы үш жылда жергілікті атқарушы органдарында баспана алу кезегінде тұрған әлеуметтік жағынан мейлінше қорғалмаған азаматтар үшін 457 мың шаршы метр жалға берілетін мемлекеттік баспана тапсырылады. Бұл туралы бүгін үкіметтің селекторлық жиналысында ҚР индустрия және сауда министрі Ғалым Оразбақов құлағдар етті деп, хабарлайды агенттік тілшісі.

"Илеуметтік жағынан мейлінше қорғалмаған азаматтар үшін үш жылды 457 мың шаршы метр мемлекеттік жалға берілетін баспана тұрғызылады. Бұл әрбір облысқа 120 пәтір келеді", - деді Ғ. Оразбақов.

Бұл үшін мемлекеттік тұрғын-үй құрылысы аясында қаржы институттары ( 79 дан 67 млрд теңгеге дейін) мен Алматы, Астана және Атырау облыстары әкімдіктеріне бөлінетін несиелерді азайту жөнінде ұсыныс жасалды.

"Осының есебінен біз мемлекеттік жалға берілетін баспана құрылысының көлемін ұлғайтып, қосымша жеті млрд теңгені бөлетін боламыз", - деді Ғ. Оразбақов.

Оның сөздері бойынша, өзгертілген мемлекеттік бағдарлама бойынша "жалға берілетін мемлекеттік баспана" деген түсінікті заң нормаларына енгізіліп, мұндай пәтерлерді жекешелендіруге шектеу қойылады.

Министр атап өткеніндей, "қаржы институттары мен әкімдіктердің қаржы көлемін азайту арқылы мемлекеттік тұрғын-үй бағдарламасы аясында жеке меншік құрылыстарға арналған жер учаскелерінің инженерлік желілерін тарту жұмысын дамыту үшін 30 млрд теңгені бөлуге мүмкіндік туады". "Бұл қаржыны трансферт түрінде әлеуметтік кәсіпкерлік корпорациясына бөлуді ұсынып отырмыз ", - деп анықтады Ғ. Оразбақов.

Министр атап өткеніндей, осының есебінен индустрия және сауда министрлігі алдағы үш жылда жеке тұрғын-үй құрылыс көлемін 17 млн-нан 21 млн шаршы метрге дейін ұлғайтуды көздеп отыр.

"Біздің пікірімізше, ИКК әкімдіктер тарапынан бөлінетін жер учаскелері магистральдік инженерлік желілер мен көлік және әлеуметтік инфрақұрылым нысандарына мейлінше жақын орналасуы тиіс. Сонда ғана бұл учаскелер адамдар үшін тиімді болып, жеке меншік құрылыс көлемі айтарлық ұлғаяды", -деп есептейді министр.

"Бағдарламада көрсетілген басқа трансферттер өзгертілмей, сол күйніде қалдырылды. Икімдіктердің инженерлік-коммуникациялық желілер құрылыстары, олардың жөндеу жұмыстарына, сондай-ақ Алматы мен Астана маңайында серіктес қалалардың дамуының дайындық жұмыстарының трансферттері қарастырылған ", - деп қорытындылады Ғ. Оразбақов.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны