23.02.2016, 09:34 3937

ҚР ІІМ ТЖК басшысыныӊ жаӊа орынбасары тағайындалды

ҚР ІІМ ТЖК төрағасы Беккер В.Р. жеке құрамға ҚР Ішкі істер министрі, полиция генерал-полковнигі Қалмұхамбет Қасымовтыӊ 2016 жылдыӊ 10 ақпанындағы бұрынғы Қарағанды облысы Төтенше жағдайлар департаментініӊ басшысы, азаматтық қорғаныс полковнигі Талғат Нұрмағамбетовті Төтенше жағдайлар комитеті басшысыныӊ орынбасары етіп тағайындау туралы бұйрығын таныстырды, деп хабарлайды ведомство баспасөз қызметі

Астана. 23 ақпан. Kazakhstan Today - ҚР ІІМ ТЖК төрағасы Беккер В.Р. жеке құрамға ҚР Ішкі істер министрі, полиция генерал-полковнигі Қалмұхамбет Қасымовтыӊ 2016 жылдыӊ 10 ақпанындағы бұрынғы Қарағанды облысы Төтенше жағдайлар департаментініӊ басшысы, азаматтық қорғаныс полковнигі Талғат Нұрмағамбетовті Төтенше жағдайлар комитеті басшысыныӊ орынбасары етіп тағайындау туралы бұйрығын таныстырды, деп хабарлайды ведомство баспасөз қызметі, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігініӊ тілшісі.

Азаматтық қорғаныс полковнигі Талғат Нұрмағамбетов 1965 жылы 24 мамырда дүниеге келген, деп хабарлайды inform.kz тілшісі.

1986 жылы Ю.В. Андропов атындағы әуе қорғанысы жөніндегі Ленинград әскери-саяси училищесін тәмамдаған. 2004 жылы Павлодар университетін "психология магистрі" мамандығы бойынша бітірген.

Қарағанды облысы Төтенше жағдайлар департаментініӊ басшысы қызметіне дейін Т. Нұрмағамбетов Павлодар облысы бойынша ТЖД басшысыныӊ орынбасары болған.

Ол бұған дейін рота командирініӊ орынбасары лауазымынан Қарағанды облысы ТЖД басшысы қызметіне дейінгі еӊбек жолын жүріп өткен.

Т. Нұрмағамбетов Қазақстанмен шекаралас Ресейдіӊ өӊірлерімен ТЖ және АҚ саласы бойынша өӊірлік кездесулерді ұйымдастырудыӊ, сондай-ақ құтқарудыӊ қалалық қызметтері мен суда-құтқару қызметін ұйымдастырудыӊ бастамашысы болып табылады.

Айта кетейік, жаӊа басшы "ҚСРО ҚК 70 жыл" медалімен, "Искери қызметіндегі ерекшелігі үшін" 2-ші дәрежелі медалімен, "Қазақстан Республикасы Қарулы күштеріне 10 жыл", "Мінсіз қызметі үшін" 2,3-ші дәрежелі медальдармен және Қазақстан Республикасы ТЖМ құрмет грамотасымен марапатталған.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны