29.12.2008, 17:23 3084

ҚР ІІМ ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес жөніндегі заң жобасын жасады

ҚР ІІМ ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес жөніндегі заң жобасын жасады

Астана. 29 желтоқсан. "Қазақстан Бүгін" - ҚР ІІМ ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес жөніндегі заң жобасын жасады. Бұл туралы ҚР ІІМ тіл саясаты және ақпарат департаментінің жетекшісі Бағдат Қожахметов бүгін өткен брифингте мәлім етті, деп хабарлайды агенттік тілшісі.

"Биыл бұзақылық, ұйымдасқан қылмыстық топ құрып басшылық жасау оқиғаларының жолы көптеп кесілді. Ұйымдасқан қылмыстық топқа қатысушы 229 және оларды басқарушы 49 тұлға жауапкершілікке тартылды", - деді Б. Қожахметов. "Осы жұмыстарды күшейту үшін заң жобасы жасалды. Ол жетекші еуропалық елдердің тәжірибесіне негізделген. Бұл заң ұйымдсқан қылмыстық топтардың идеологиясын айқындап, оларды қаржыландырушы көлеңкедегі жетекшілермен және қамқоршылармен табысты күресуге мүмкіндік береді. Бұл құжат үкіметтің 2011 жылға дейінгі заң шығару жұмыстарының перспективалық жоспарының жобасына қамтылған", -деді ол.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны