19.05.2008, 18:08 2900

ҚР ІІМ жол полициясы қызметкерлеріне пара беретін жүргізушілермен күресті күшейтпек

ҚР ІІМ жол полициясы қызметкерлеріне пара беретін жүргізушілермен күресті күшейтпек

Астана. 19 мамыр. "Қазақстан Бүгін" - ҚР ІІМ жол полициясы қызметкерлеріне пара беретін жүргізушілермен күресті күшейтеді. Бұл туралы бүгін брифингте құқық қорғау ведомствосының баспасөз қызметінің жетекшісі Бағдат Қожахметов мәлімдеді, деп хабарлайды "Қазақстан Бүгін" агенттігінің тілшісі.

"Өткен аптада бірнеше пара беруші анықталды. Тергеу жүргізілуде. Ішкі қауіпсіздік қызметтерінің жұмысы бұл бағытта күшейтілетін болады", - деді Б. Қожахметов.

Бұл ретте ол тек жыл басынан бері жол полициясының инспекторларына пара берудің ондаған оқиғалары тіркелген. "Жол полициясының қызметкерлеріне пара берген жүргізушілерге қатысты 14 қылмыстық іс қозғалды", - деп хабарлады Қазақстан Республикасының Ішкі істер министрлігінің өкілі.

Оның айтуынша, жолдағы сыбайлас жемқорлықтың алдын алу мақсатымен ІІМ жол қозғалысына қатысушылар тарапынан жіберілген жол қозғалысы ережесінің бұзылуы себепті оларды әкімшілік жауапкершілікке тартпау үшін қызметкерлерге ақшалай заңсыз сыйақы ұсыну оқиғаларын анықтау бойынша арнайы жедел шаралар үнемі өткізіліп тұрады. "Тәжірибе жол полициясы қызметкерлерінің пара алуына жол қозғалысының ережесін бұзушылардың өздері кінәлі болатын оқиғалар көптеп кездеседі", - деп түсіндірді Б. Қожахметов.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны