09.07.2010, 13:12 2303

ҚР ІІМ Жол полициясы комитеті төрағасының орынбасарларының іс-әрекеттері сыбайлас жемқорлыққа жағдай жасаған прокуратура

Сараптамалық анықтамада көрсетілгендей, Бас прокуратураның қаулысына сәйкес ҚР ІІМ Жол полициясы комитетінде әкімшілік заңнаманың орындалуына тексеру жүргізілген.

Алматы. 9-шілде. Kazakhstan Today ҚР ІІМ Жол полициясы комитеті төрағасының орынбасарлары Болат Өскенбаев пен Николай Калашниковтың іс-әрекеттері сыбайлас жемқорлыққа жағдай жасаған. ҚР Бас прокуратурасы жүргізген тексеру нәтижесі бойынша жасалған анықтамада осындай қорытынды шығарылған, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігі.

Сараптамалық анықтамада көрсетілгендей, Бас прокуратураның қаулысына сәйкес ҚР ІІМ Жол полициясы комитетінде әкімшілік заңнаманың орындалуына тексеру жүргізілген.

Прокуратура мәліметтеріне сүйенсек, Жол полициясы комитетінің әкімшілік тәжірибе бөлімі әкімшілік өндіріс саласы бойынша жол полициясы қызметкерлерінің әрекеттеріне байланысты азаматтардың шағымдары мен арыздарын қарастырумен айналысады.

2009 жылы әкімшілік қаулыларға шағымданумен байланысты комитет 49 анықтама шешімін шығарған. Оның ішінде 32 іс бойынша шығарылған қаулы күші жойылса, қалған 17 қаулы өзгеріссіз қалдырылған.

"Бұл ретте заңдылығын тексеру нәтижесі көрсетіп отырғандай, 23 шешім заңсыз шығарылғаны анықталды", - деп хабарлайды прокуратура.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны