21.01.2008, 17:23 3419

ҚР ККМ ақылы жолдарды құруды қарастыратын заңдарға өзгертулер енгізіп оны үкімет пен парламентке ұсынады

ҚР ККМ ақылы жолдарды құруды қарастыратын заңдарға өзгертулер енгізіп оны үкімет пен парламентке ұсынады

Астана. 21 қаңтар. "Қазақстан Бүгін" - ҚР көлік және коммуникация министрлігі жақын арада Қазақстанда ақылы жолдарды құруды қарастыратын заңдарға өзгертулер енгізіп, оны үкімет пен парламенттің қарауына жіберуді жоспарлап отыр. Бұл туралы бүгін коллегияда сөз сөйлеген ҚР көлік және коммуникация министрі Серік Ахметов мәлімдеді деп, хабарлайды агенттік тілшісі.

"Көлік және коммуникация министрлігі былтыр Қазақстанда ақылы жолдарды енгізу жөнінде ұсыныс жасаған болатын. Бұл ұсынысты мемлекет басшысы, үкімет басшысы, жалпы үкімет қолдады. Сондықтан, ҚР "Көлік жолдары туралы" және "Концессиялар туралы" заңдарына жақын арада қажетті өзгертулер енгізіп, оны үкімет пен парламенттік қарауына жіберу керек ", - деп мәлімдеді С. Ахметов.

Ол атап өткеніндей,"жоғары категориямен жөндеуді қажет ететін және көп жүрілетін жол учаскелері ақылы болады.

"Республикада ақылы жолдар аз болады. Бірақ олар еуропалық талаптарға сай болады ", - деп атап өтті министр.

Оның пікірінше, ақылы жолдар жобасына Астана - Қарағанды, Алматы - Қапшағай, Алматы - Хоргос, Ақтау - Бейнеу жол трассалары кіруі ықтимал.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны