15.02.2017, 21:23 4759

ҚР Қорғаныс министрлігі автокөлік жолына қонған тікұшақ жөнінде ресми түсініктеме таратты

ҚР Қорғаныс министрлігі автокөлік жолына қонған тікұшақ жөнінде ресми түсініктеме таратты

Астана. 15 ақпан. Kazakhstan Today - ҚР Қорғаныс министрлігі автокөлік жолына қонған тікұшақ жөнінде ресми түсініктеме таратты,- деп хабарлайды Kazakhstan Today.

Түсініктемеде былай делінген: "Армия авиациясындағы ұшу құрамыныӊ жауынгерлік даярлық жоспарына сәйкес түрлі навигациялар тәсілдерін пысықтау бағыты және ұшу даярлығыныӊ курсына сәйкес жерлерді (ұшуларды), оныӊ ішінде ауа-райыныӊ бұзылуы кезінде бағдарлауды жүргізу бойынша ұшуды орындайды.

ҚР ҚК Искери-әуе күштерініӊ Ми-8МТ тікұшағы жергілікті тұрғындарды бақылау әдісімен визуалды бағдарлауды қалыптастыру мәселесін пысықтай отырып, әскери оқу-жаттығу тапсырмасын орындады. Экипаж автокөлік жолына қонып, жақын жерде орналасқан елді мекендерді нақтылады, қайта ұшып, оқу-жаттығу тапсырмасын аяқтады. Қазіргі уақытта тікұшақ әуеайлақ базасында тұр".

Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны