04.06.2008, 22:15 2770

ҚР Лихтенштейн Князьдігіндегі төтенше және өкілетті елшісі тағайындалды

ҚР Лихтенштейн Князьдігіндегі төтенше және өкілетті елшісі тағайындалды

Астана. 4 маусым. "Қазақстан Бүгін" - Қазақстан Республикасының Швейцария Конфедерациясындағы төтенше және өкілетті елшісі Аманжол Жанқұлиев ҚР Лихтенштейн Князьдігіндегі төтенше және өкілетті елшісі қызметін қоса атқаратын болды, деп хабарлайды "Қазақстан Бүгін" агенттігінің тілшісі ҚР президентінің баспасөз қызметінің хабарламасына сілтеме жасай отырып.

"Мемлекет басшысының жарлығымен Қазақстан Республикасының Швейцария Конфедерациясындағы төтенше және өкілетті елшісі Аманжол Қазбекұлы Жанқұлиев Қазақстан Республикасының Лихтенштейн Князьдігіндегі төтенше және өкілетті елшісі қызметін қоса атқаратын болды", - деп атап көрсетілген баспасөз қызметінің хабарламасында.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны