02.04.2014, 20:24 2841

ҚР Мәжілісі Қазақстан мен Өзбекстан арасындағы стратегиялық әріптестік шартты ратификациялау туралы заң жобасын мақұлдады

Бүгін Мәжіліс "Қазақстан Республикасы мен Өзбекстан Республикасы арасындағы стратегиялық әріптестік туралы шартты ратификациялау туралы" заң жобасын мақұлдады.

Алматы. 2 сәуір. Kazakhstan today. Бүгін Мәжіліс "Қазақстан Республикасы мен Өзбекстан Республикасы арасындағы стратегиялық әріптестік туралы шартты ратификациялау туралы" заң жобасын мақұлдады.

Бұл Шарт 2013 жылдың 14 маусымында Ташкентте жасалған, деп Мәжілістің баспасөз қызметінде хабарлады. Оның талаптарына сәйкес Тараптар өздерінің қарым-қатынастарын теңдік, өзара сенім, стратегиялық әріптестік негізінде қалыптастыратын болады. Бұл жайында жалпы отырыста Мәжілістің Халықаралық істер, қорғаныс және қауіпсіздік комитетінің мүшесі Оразкүл Асанғазы өз баяндамасында айтып берді.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны