28.03.2013, 10:36 3082

ҚР Өңірлік даму министрлігі мен "Даму" қоры несиелерді мемлекеттік субсидиялау бойынша серіктестік туралы келісімге қол қойды

Аталған келісім әрекеттегі кәсіпкерлерге еліміздің 20 моноқаласында банктардан алатын несиелер мен лизингтік мәмілелер бойынша 10% сыйақы мөлшерлемесімен мемлекеттік субсидиялар алуға мүмкіндік береді.

Астана. 28-наурыз. Kazakhstan Today - Өңірлік даму министрлігі, "Даму" Кәсіпкерлікті қолдау қоры екінші деңгейдегі банктардың және лизингтік компаниялардың қатысуымен Серіктестік туралы келісімге қол қойды, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

Аталған келісім әрекеттегі кәсіпкерлерге еліміздің 20 моноқаласында банктардан алатын несиелер мен лизингтік мәмілелер бойынша 10% сыйақы мөлшерлемесімен мемлекеттік субсидиялар алуға мүмкіндік береді.

Осылайша, ертеңнен бастап моноқалалардағы кәсіпкерлер өз несиелері бойынша субсидия ала отырып, оларды өтеуге шығынды айтарлықтай азайтады, және де кәсіпкерлер үшін мұндай несиелер бойынша сыйақы мөлшерлемесі 4%-дан аспайды. Бұдан бөлек, моноқалаларды дамыту бағдарламасы шеңберінде салалық шектеусіз кәсіпкерлердің барлық жобалары осы шарттарда субсидиялауға қатыса алады.

Өңірлік дамудың бірінші вице-министрі Қайырбек Өскенбаев, "Даму" кәсіпкерлікті дамыту қоры басқармасының төрайымы Ләззат Ибрагимова, 10 облыс әкімдіктерінің өкілдері, екінші деңгейдегі 17 банктың және 10 лизингтік компанияның басшылары келісімге қол қойды.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны