14.10.2010, 13:14 4870

ҚР Парламенті Еуропа Инвестициялық Банкінің еліміздегі қызметін реттейтін келісімді қабылдады

Бүгін ҚР Парламенті Сенатының жалпы отырысында палата депутаттары "Қазақстан Республикасы мен Еуропа Инвестициялық Банкі арасындағы Еуропа Инвестициялық Банкінің Қазақстан Республикасындағы қызметін реттейтін негіздемелік келісімді ратификациялау туралы" ҚР заңын қабылдады, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

Астана. 14 - қазан. Kazakhstan Today - Бүгін ҚР Парламенті Сенатының жалпы отырысында палата депутаттары "Қазақстан Республикасы мен Еуропа Инвестициялық Банкі арасындағы Еуропа Инвестициялық Банкінің Қазақстан Республикасындағы қызметін реттейтін негіздемелік келісімді ратификациялау туралы" ҚР заңын қабылдады, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

Сенаттың қаржы және бюджет жөніндегі комитетінің қорытындысында, Еуроодақтың барлық мүшелері Банктің құрылтайшылары, оның жарғылық капиталы 164,8 млрд. еуроны құрайды, деп атап көрсетілген. Сонымен қатар аталмыш Банк ұзақ мерзімді несие капиталы нарығында несие беру қабілеттілігінің барынша жоғары мүмкіндік рейтингіне ие. Сондықтан да, Қазақстан Еуропаның осы Банкімен ынтымақтастыққа аса мүдделі. Өйткені, Банктің елімізде қызметі ұзақ мерзімдік және қымбат емес кредит ресурстарын тарту мүмкіндігін қалыптастырады.

Сонымен қатар, осы ынтымақтастық нәтижесінде Қазақстанның инвестициялық мүмкіндіктерін ұлғайтуға айтарлықтай серпін болады. Сондай-ақ, республиканың жетекші Еуропалық компанияларымен өзара іс-қимыл жасау үшін орнықты платформа жасалады. Келісім Банк Қазақстан Үкіметінен ратификациялау құжатының куәландырылған көшірмесін алғанын растағаннан кейін келесі күні күшіне енеді, деп айтылған қорытындыда.

Аталмыш келісім банк ҚР үкіметінен ратификациялау құжатының расталған көшірмесін алған күннің ертеңінде күшіне енеді.

Келісімге 2010 жылдың 10-сәуірінде Брюсселде қол қойылған.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны