22.12.2011, 14:30 3653

ҚР Парламенті Түркиямен Ахмет Яссауи атындағы университет қызметі туралы үкіметаралық келісім ратификациялады

Сенат бүгінгі жалпы отырысында Қазақстан мен Түркия үкіметтері арасында Ахмет Яссауи атындағы халықаралық қазақ-түрік университетінің қызмет жағдайлар туралы келісімді ратификациялау туралы заң жобасын және аталмыш келісімге өзгерістер енгізу туралы хаттаманы мақұлдады.

Астана. 22-желтоқсан. Kazakhstan Today - ҚР Парламенті Түркиямен Ахмет Яссауи атындағы университет қызметі туралы үкіметаралық келісім ратификациялады, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

Сенат бүгінгі жалпы отырысында Қазақстан мен Түркия үкіметтері арасында Ахмет Яссауи атындағы халықаралық қазақ-түрік университетінің қызмет жағдайлар туралы келісімді ратификациялау туралы заң жобасын және аталмыш келісімге өзгерістер енгізу туралы хаттаманы мақұлдады.

Құжат мемлекет басшысының қол қоюына жіберіледі.

Университеттің қызмет жағдайлары туралы келісімге Анкара қаласында 2009 жылы 22 қазанда, келісімге қосымша хаттамаға Ыстамбұлда 2010 жылдың 23 желтоқсанында қол қойылған болатын.

Естеріңізге сала кетсек, Қазақ-түрік университеті 1992 жылы 31 қазанда Қазақстан мен Түркия арасындағы үкіметаралық келісімге сәйкес құрылды. Университет Оңтүстік Қазақстан облысының Түркістан қаласында орналасқан.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны