26.04.2007, 11:24 3122

ҚР премьер-министрі Алматы және Алматы облысындағы жер телімдерін заңсаз алғандарға жерді мемлекет меншігіне өз еркімен қайтаруды ұсынды (толықтырылған нұсқа)

ҚР премьер-министрі Алматы және Алматы облысындағы жер телімдерін заңсаз алғандарға жерді мемлекет меншігіне өз еркімен қайтаруды ұсынды

Толықтырулар ақпараттың екінші абзацында енгізілген. Сондай-ақ К. Мәсімовтың сөзі қосылған.

АЛМАТЫ. 26 - сәуір. Kazakhstan Today. Қазақстан Республикасының премьер-министрі Кәрім Мәсімов Алматы және Алматы облысындағы жер телімдерін заңсаз алғандарға жерді мемлекет меншігіне өз еркімен қайтаруды ұсынды. Мұндай ұсынысын К.Мәсімов сейсенбіде өткен Алматыны дамытудың 2020 жылға дейінгі Бас жоспарын жүзеге асыру мәселелеріне арналған кеңесінде мәлім етті, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

"Алматының маңында ипподромдар, ат қоралар, фазендалар пайда бола бастады. Осымен айналысып жүрген адамдардың барлығы да (жер иелері - Kazakhstan Today ескерт.) белгілі",- деді Қазақстан Республикасының премьер-министрі. "Жер телімдерін заңсыз алғандар өз еріктерімен қайтармаса, прокуратура заңға сәйкес тергеу жүргізіп, сотқа жөнелтеді",- деп түсіндірді К. Мәсімов.

"Мен сіздерге бұл мәселені өз еріктеріңізбен шешуге қатаң ұсыныс жасаймын",- деп атап көрсетті.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны