16.05.2016, 11:22 4572

ҚР Премьер-Министрі "Бәйтерек" ҰБХ" АҚ ұжымына жаӊа басшы Ерболат Досаевты таныстырды

"Бәйтерек" ҰБХ" АҚ директорлар кеӊесі Ерболат Досаевты холдинг басқармасыныӊ төрағасы етіп сайлады. Жаӊа басшыны ұжымға бүгін Қазақстан Премьер-Министрі Кәрім Мәсімов таныстырды

Астана. 16 мамыр. Kazakhstan Today - "Бәйтерек" ҰБХ" АҚ директорлар кеӊесі Ерболат Досаевты холдинг басқармасыныӊ төрағасы етіп сайлады. Жаӊа басшыны ұжымға бүгін Қазақстан Премьер-Министрі Кәрім Мәсімов таныстырды, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігініӊ тілшісі.

Жиналғандардыӊ алдында сөз сөйлеген Ерболат Досаев Мемлекет басшысыныӊ тапсырмаларын тиімді жүзеге асыру және мемлекеттік даму институтыныӊ одан әрі өркендеуі мақсатында бар күш-жігерін салатынына сендірді, деп хабарлайды primeminister.kz тілшісі.

Кәрім Мәсімов "Бәйтерек" ҰБХ" АҚ бұрынғы басшысы Қуандық Бишімбаевқа жемісті жұмысы үшін алғысын айтып, оған жаӊа қызметінде табыс тіледі.

Естеріӊізге салсақ, Қ.Бишімбаев ҚР Президентініӊ Жарлығымен ұлттық экономика министрі болып тағайындалды.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны