20.07.2017, 21:39 4494

ҚР Премьер-Министрі Бақытжан Сағынтаев жұмыс сапарымен Солтүстік Қазақстан облысына барды

Жұмыс сапары кезінде Бақытжан Сағынтаев "Нұрлыжер" бағдарламасы аясындағы тұрғынүй құрылысыныӊ барысымен, Петропавлдыӊ "Нұрлыжол" бағдарламасы аясындағы әлеуметтік және инфрақұрылымдық нысандарымен танысады деп көзделген.

Петропавловск. 20 шілде. Kazakhstan Today - Мемлекет басшысыныӊ тапсырмасымен ҚР Премьер-Министрі Бақытжан Сағынтаев жұмыс сапарымен Солтүстік Қазақстан облысына барды, онда "Қазақстанныӊ үшінші жаӊғыруы: жаһандық бәсекеге қабілеттілік" Жолдауы мен "Болашаққа бағдар: рухани жаӊғыру" бағдарламалық мақаласындағы міндеттердіӊ орындалу барысымен танысады.

Жұмыс сапары кезінде Бақытжан Сағынтаев "Нұрлыжер" бағдарламасы аясындағы тұрғынүй құрылысыныӊ барысымен, Петропавлдыӊ "Нұрлыжол" бағдарламасы аясындағы әлеуметтік және инфрақұрылымдық нысандарымен танысады деп көзделген. Өӊірдіӊ өнеркәсіп кәсіпорындары мен медицина мекемелерін, ауыл шаруашылығы кешендерін аралау жоспарда бар.

ҚР Премьер-Министрі Бақытжан Сағынтаев АӨК дамыту мемлекеттік бағдарламасын іске асыру бойынша Ақмола, Солтүстік Қазақстан, Қостанай, Қарағанды, Павлодар облыстарыныӊ әкімдіктері мен ауыл шаруашылығы құрылымдарыныӊ басшыларыныӊ қатысуымен республикалық кеӊес өткізеді деп күтілуде.

"Атамекен" ҰКП өӊірлік кеӊесініӊ мүшелерімен кездесуде шағын және орта бизнесті дамыту, кәсіпкерлік ортасын қайта реттеу, облыста өнімді жұмыспен қамту және жаппай кәсіпкерлікті дамыту бағдарламасын іске асыру мәселелері талқыланады.

Сондай-ақ, жұмыс сапары аясында ҚР Премьер-Министрі Бақытжан Сағынтаевтыӊ төрағалығымен технологиялық жаӊғырту, цифрландыру және Индустрия 4.0 элементтерін енгізу, ИИДМБ-2 іске асыру және инвестициялар тарту мәселелерін талқылау бойынша жұмыс кеӊесін өткізу жоспарланған.

Бақытжан Сағынтаев биыл көктемде су деӊгейініӊ көтерілуінен залал тартқан Заречный кентінде су тасқындарын ескерту мен олардыӊ салдарларын жою бойынша көшпелі кеӊес өткізеді деп көзделіп отыр.

Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны