28.02.2013, 13:05 6086

ҚР премьер-министрі Қазақстанның туристік саласын дамыту мәселелері бойынша мәжіліс өткізді

ҚР Премьер-Министрінің орынбасары - ҚР Индустрия және жаңа технологиялар министрі Исет Исекешев Елбасының тапсырмасымен жасалған 2020 жылға дейінгі ҚР Туристік саласын дамыту тұжырымдамасын ұсынды.

Астана. 28-ақпан. Kazakhstan Today - ҚР премьер-министрі С.Ахметов Қазақстанның туристік саласын дамыту мәселелері бойынша мәжіліс өткізді, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

ҚР Премьер-Министрінің орынбасары - ҚР Индустрия және жаңа технологиялар министрі Исет Исекешев Елбасының тапсырмасымен жасалған 2020 жылға дейінгі ҚР Туристік саласын дамыту тұжырымдамасын ұсынды.

И.Исекешевтің айтуынша, Тұжырымдамада 5 ұлттық туристік кластер анықталған, олардың ішінен 4 ұлттық және 20-дан астам аймақтық жоба іріктеліп алынған.

Тұжырымдаманың басты тапсырмаларының бірі жаңа тұрақты жұмыс орындарын құру болып табылады. Оны жүзеге асыру шеңберінде туризм мен оған жанама салаларда жұмыспен қамтылғандар санын бірнеше есеге арттыру жоспарланған.

"Осы Тұжырымдаманы ойдағыдай жүзеге асырудың және туризмнің үдемелі дамуының кепілі мемлекеттің негізгі рөлі болып табылады, мұны Малайзия, Сингапур, Испания, Мексика, Марокко және басқа да елдердің тәжірибесінен көруге болады".

Өз алдына С.Ахметов туризмді дамыту қолайлы инфрақұрылымды дамытумен тікелей байланысты екенін атап өтіп, оны ҚР Президентінің тапсырмасымен жасалып жатқан Көлік инфрақұрылымын дамыту бағдарламасында ескеруді тапсырды.

"Қазақстан көз тартарлық туристік зоналар орналасқан кең ауқымды территорияға ие. Осы Тұжырымдаманы іске асыру жаңа жұмыс орындарын құрып, елімізде жаңа табысты сала қалыптастыруға мүмкіндік береді", - деп қортындылады С.Ахметов.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны