18.07.2013, 16:19 4816

ҚР Премьер-Министрі ҚХР Орталық әскери кеңесі төрағасының орынбасары Фань Чанлунды қабылдады

Үкімет басшысы Қазақстанның Қытай Халық Республикасымен достық қарым-қатынасына үлкен мән беретінін айта келе, екі ел арасындағы стратегиялық әріптестік аясында ынтымақтастықты тереңдете түсу мәселесіне тоқталды.

Астана. 18-шілде. Kazakhstan Today - Бүгін Үкімет үйінде ҚР Премьер-Министрі Серік Ахметов Қазақстанға бірінші рет ресми сапармен келген ҚХР Орталық әскери кеңесі төрағасының орынбасары Фань Чанлунды қабылдады, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

Үкімет басшысы Қазақстанның Қытай Халық Республикасымен достық қарым-қатынасына үлкен мән беретінін айта келе, екі ел арасындағы стратегиялық әріптестік аясында ынтымақтастықты тереңдете түсу мәселесіне тоқталды.

Өз кезегінде, Ф.Чанлун да екіжақты байланыстарды нығайтуға мүдделілік танытып, әскери білім беру мен әскери-техника саласындағы әріптестіктің перспективасын атап өтті.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны