25.01.2013, 14:12 2914

ҚР премьер-министрі ҚР бәсекелестікті қорғау агенттігінің ұжымына ведoмствоның жаңа басшысы Б.Қуандықовты таныстырды

"Б.Қуандықов Ұлттық Банк жүйесінде, экономика және бюджеттік жоспарлау, төтенше жағдайлар министрліктерінде басшылық қызметтер атқарды. Қызылорда облысының әкімі болды,өңірлердің жағдайын жақсы біледі",- деді С.Ахметов.

Астана. 25-қаңтар. Kazakhstan Today - Бүгін Астанада ҚР премьер-министрі Серік Ахметов ҚР бәсекелестікті қорғау агенттігінің ұжымына ведомствоның жаңа басшысы Болатбек Қуандықовты таныстырды, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

"Б.Қуандықов Ұлттық Банк жүйесінде, экономика және бюджеттік жоспарлау, төтенше жағдайлар министрліктерінде басшылық қызметтер атқарды. Қызылорда облысының әкімі болды,өңірлердің жағдайын жақсы біледі",- деді С.Ахметов.

Үкімет Басшысы Агенттік алдына еліміздің Президенті бірқатар маңызды міндеттер қойып отырғанын атап көрсетті.

"Біріншіден, азық-түлік тауарларының бағасы айрықша бақылауда болуы керек. Бұл әлеуметтік маңызды мәселе, сондықтан әкімдермен бірлесе отырып, азық-түлік бағасының негізсіз көтерілуіне жол бермеу қажет. Сонымен қатар, отын, жанар-жағар май нарығындағы баға саясаты мұқият қадағаланып отыруы тиіс",- деді С.Ахметов.

Сондай-ақ С.Ахметов агенттіктің бұрынғы басшысы Ғабидолла Ибдірахымовқа жемісті еңбегі үшін алғыс айтты.

Мемлекет Басшысының Жарлығымен Ғ.Ибдірахымов Президент Икімшілігі Басшысының орынбасары болып тағайындалғаны белгілі.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны